i7aster26
?>

Бүгінгі таңда ғаламдық экология мәселелері ғаламдық, аймақтық және ұлттық мәселелер болып бөлінеді. Экологиялық қауіпті мәселелер: табиғи жүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әр алуандықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы және т.б. Бұл мәселелер тек қана барлық мемлекеттің қатысуымен, БҰҰ-ң (Біріккен Ұлттар Ұйымы) басқаруымен ғана шешіледі. Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондаған тіршілік көзі жойылады. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы. Осы мәселелердің алдын алу үшін мұнай өндіру құралдарына арнайы сүзгілер орнатылады. Ауаны тазарту қондырғылары орнатылады. Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Арал теңізінің суы тартылып, теңіздің түбі құрғап қалды. Құрғап қалған теңіздің түбіндегі зиянды тұзды шаң желмен тарайды. Бұл тұздар ауаны ластап, қышқыл жаңбыр жауады. Экологияның әлемдік мәселеге айналуы ластанумен тікелей байланысты. Себебі ауада мемлекеттік шегара жоқ. Сондықтан атмосферадағы ауаны қорғау ғаламдық мәселеге айналып  отыр. Қазір де  экология мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Тіпті экологияны бұзғаны үшін айыппұл мөлшері де тағайындалып, экологияны  қалпына келтіруге ерекше назар аударылуда. ​

Казахский язык

Ответы

Kochereva-Sergei

Тауға саяхат жасауды жақсы көремін. Тауға шығайық деп жиі шақырып тұратын Эльвира деген досым да бар. Осы жолы Эльвираның шақыруымен Фурманов шыңына шығуға бет алдық. Досыма сенгенім соншалық, жолдың қаншалықты ауыр немесе алыс екені туралы ақпаратты да өз бетімше іздестірмеппін. Бірақ қанша қатты шаршасам да, барғаныма қуандым, табиғаттың сұлулығында сөз жоқ, сипаттап та бере алмаймын, оны тек көру керек. Суреттерді тамашалауларыңызға болады, дегенмен көзбен көргендей болмайтынын айта кеткім келеді.

Шынын айтсам, шаршадым деп, Фурманов шыңына аз жер ғана қалғанда, ары қарай бармай қалып қойдым. Досым шыңға шығып келді. Қайтарда жаңбыр жауып тұрды, бірақ сондай қатты су болмадық. Алматыға түссек, түк болмағандай күн ыстық, жарқырап тұр. Иә, төрт-бес сағаттық жер болса да таудың аты тау, ауа райы өзгеше.

sergei-pletenev

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.[2]

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Бүгінгі таңда ғаламдық экология мәселелері ғаламдық, аймақтық және ұлттық мәселелер болып бөлінеді. Экологиялық қауіпті мәселелер: табиғи жүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әр алуандықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы және т.б. Бұл мәселелер тек қана барлық мемлекеттің қатысуымен, БҰҰ-ң (Біріккен Ұлттар Ұйымы) басқаруымен ғана шешіледі. Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондаған тіршілік көзі жойылады. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы. Осы мәселелердің алдын алу үшін мұнай өндіру құралдарына арнайы сүзгілер орнатылады. Ауаны тазарту қондырғылары орнатылады. Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Арал теңізінің суы тартылып, теңіздің түбі құрғап қалды. Құрғап қалған теңіздің түбіндегі зиянды тұзды шаң желмен тарайды. Бұл тұздар ауаны ластап, қышқыл жаңбыр жауады. Экологияның әлемдік мәселеге айналуы ластанумен тікелей байланысты. Себебі ауада мемлекеттік шегара жоқ. Сондықтан атмосферадағы ауаны қорғау ғаламдық мәселеге айналып  отыр. Қазір де  экология мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Тіпті экологияны бұзғаны үшін айыппұл мөлшері де тағайындалып, экологияны  қалпына келтіруге ерекше назар аударылуда. ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

rendikalogistic
Городничий_Коновалова384
Некрасов Валентина1097
Курамында турлаусыз 4 сойлем курау
lmedintseva6
upmoskovskiy
Джамалутдинова Докучаев
Септик жалгау на слова ынта, жигер, талап
Ivanskvortsov25
Tarapovskaya
TOKAREVA Stepan
FinKozhevnikov28
sashab82
platonovkosty
ANDREY261965
Svetlana290419
Olesya