Судың адам өміріндегі маңызы зор.Су адам өміріндегі ең басты нәрсе.Біз 80% судан тұрамыз.Су адам үшін алмастырылмайтын,темір,газ,көмірден қарағанда бағалырақ жаратылыс байлығы.Қазір таза су тапшылығы басым.Таза су Қазақстан да күрделі мәселелердің бірі.Таза су барлық аймақтарда қамтамасыз етілген дей алмаймыз.Елбасы таза су мәселесін 2050 жылға дейін түбегейлі шешуді тапсырған болатын.Республикадағы таза ауыз суы мәселесі "Өңірлерді дамыту және "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.
Менің ойымша,суды дұрыс пайдаланып,ластамай таза су мәселесін жоюымыз керек.
Объяснение:
Осы тақырыпта жазуыңызға болады!
КӨКТЕМ ТАҢЫ(стих про весну)
Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстайғы суық-сынақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Әуені кетпес құлақтан,
Бұлбұлдың әнін жырлатқан,
Тараштап шашты сипаған,
Самалы ескен қыр жақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Қозылар өріп қыраттан,
Су ішкен мөлдір бұлақтан.
Ат мініп бір-бір шабатын,
Бойшаңдау өскен құрақтан,
Көктем таңы бұл атқан.
Еңбектің әні оятқан,
Даланы көкке боятқан,
Шұрқырап шүйгін шалғында
Жусаған мал да тояттан,
Көктем таңы бұл атқан.
Жапырақ жайған бұтақтан
Қауызын жарып бүр атқан,
Өргізіп құстар балапан,
Бөктерге күнгей шұбатқан.
Көктем таңы бұл атқан.
Көкорай ғажап бар аймақ,
Бүр жарған гүлдер орайлап,
Нөсерлеп жаңбыр жауатын,
Күркіреп аспан, жай ойнап,
Көктем таңы арайлы-ақ.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 100 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз
Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.
Объяснение:
можно лучший ответ