Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«___ » 2020 жыл «Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларыОқылым ТапсырмаМәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]Қазақ отбасындағы дәстүрлік тәрбиеАдамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз – адамгершіліктің асқар шыңы. А қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған. Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие. Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. (120 сөз)1. Мәтінде бала тәрбиесі туралы қанша мақал бар?А. 1В. 2С. 3Д. 4 [1] 2. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз. А) Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені. В) Әдептің не екенінӘдепсіз адамды көргенде ұғарсың... С) Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені, Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.D) Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап. [1] 3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.Әдеп Әсер Саналы Ата – ана үйі [2] 4.Мәтіндегі негізгі ойдан ер бала мен қыз балаға арналған талапты ажыратып жазыңыз.Ұлға арналған талап Қызға арналған талап1. 1. 2. 2.3. 3. [3]5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз. [3]ЖазылымТөменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.[5]1. Қазақстанның өзің білетін көрікті жерін шет елдік досыңызға суреттеп хат жазыңыз. Үлгі: Сәлем хат Сәлем досым, қалың қалай? Ал өзіме келетін болсам, менде бәрі жақсы. Сау бол, көріскенше күн жақсы болсын! Сәлеммен досың 2. «Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде ұғарсың» деген ойды өрбітіп, аталған тақырыпқа 100-110 сөз эссе жазыңыз.
1)А
2)А
3)Әдеп-ізеттілік
Әсер-
Саналы-
Ата-ана үйі-ұя