Жалпы а өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе?
Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.
«Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек.
Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады.
Цирк
Цирк дегеніміз - сахналық - эстрадалық өнердің бір түрі. Көбінесе, цирк дегенімізде көбіміздің көз алдымызға сайқымазықтар (клоундар) елестейді. Дегенмен, циркте тек қана сайқымазақтар өнер көрсетпейді бұл жерде қаншама өнер иелері түрлі сахналық көріністер қояды. Мысалға алар болсақ, әуеде қалқыған акробаттар, пантомима жанрындағы әртістер, мың бұралған гимнасттар, түрлі фокус көрсететін сиқыршылар, жонглерлік өнер иелері, шабандоздар және т.б. Көбінесе цирктегі қойылымдар түрлі трюктерге негізделеді.
Біздің қаламызда цирк бар. Цирк қойылымдарын өткізбей, отбасымызбен бірге барып тамашалағанды ұнатамыз. Әсіресе, маған әуеде қалқыған акробаттар мен сиқыршылардың өнері ерекше ұнайды. Жуырда балалар күніне орай жаңа сахналық көрініс әзірленуде. Соны асыға күтудемін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Уақыт – адамның өмірі. Ол алтыннан қымбат. Уақыт -әркімнің нақтылы өмірлік жолы. Уақыт- саған берілген керемет сый. Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Уақытты үнемдеп, босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Сондықтан оны тиімді пайдалан. Сабағыңды өте жақсы оқы. Мектепте алған білімің саған өмір бойы азық болатынын да ұмытпа. Уақытында келу арқылы сен басқа балаларды да қалай сыйлайтыныңды көрсетесің. Абай Құнанбайұлы жастарға уақытты тиімді пайдалану керектігін айтты. Оны «Өмір-дүние дегенің-ағып жатқан су екен» және «Сағаттың шықылдағы – емес ермек» деген өлеңдерінде айтқан. Уақыт- ең қымбат дүние, ұлы күш. Сондықтан оны бағалау керек! 1-тапсырма. Берілген сұраққа жауап беріңіз. Өз ойыңызды дәлелдеп жеткізіңіз. (Прочитайте текст и ответьте на данный вопрос. Докажи свою точку зрения) № Сұрақ Ия немесе Жоқ Себебі... (Потому что) 1 Уақытты үнемдеу керек пе? Если что это сор по казахскому 7 класс
Иә,уақытты үнемдеу керек. Уақыт-баға жетпейтін қазына. Оны бос істерге жұмсамау керек.