Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ақынның өлеңдерінің тақырыптық –көркемдік ерекшелігін ашу. ЕлтаңбаҚатар шапқан қос тұлпар, Ай астында қазақ үй.Қалықтаған жас сұңқар, Шарықтаған таза күй.Бұл таңбасы елімнің –Елдігімнің белгісі.Мұнда да бар ерлігім, Мұнда да бар жер күші.Қара шаңырақ – ел күні, Асқақтатып тұр мұны.Елтаңбасы – елдігім, Елдің тыныш тірлігі.Өлең жазбасамӨлең жазбасам, бірдеңем жоғалғандай, Мазам кетіп жүремін оңала алмай.Әлсіздік пен мәнсіздік, мазасыздық, Соңымнан бір ереді олар қалмай.Өзімді өзімді ұнатпай, құнсызданам, Көз алдыма келеді күнсіз далам.Қуат таппай ұшуға, қонуға да, Мұңаямын, өзімше құр сызданам.Бақытпен де кезінде бастас едік, Бара жатам біртүрлі босқа семіп.Өзімді өзім алдаймын, өтірігімеӨзім сенбей, қалардай басқа сеніп.Мейіріменен көңілін жібітті де, Аяқ басты шалдыққа жігіт, міне.Не тапсам да, барлығын жырдан таптымКүдікті де, күлкіні, үмітті де.Өмірімнің өзені жай ақпастан, Күнде таңда ұйқымнан оятты аспан.Жырдың өзі - бітпейтін денсаулығым, Ерке күнім ертеңге аяқ басқан.Жарқылдаймын, кәрілік, сені ұмытып, Жігіттіктің кеудеме желі бітіп.Өмір сүрсем дейтұғын үміт-кемеЖағалауда тұрады мені күтіп.