Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Вот вопросы: 1. Мәтін бойынша берілген 2 дұрыс ақпаратты табыңыз. Найди по тексту два правильных ответа. ( ) А) Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған. В) Қалада халық көп, көшелері у да шу. С) Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады. Д) Қала адамдары салтты берік ұстанады 2. Мәтіннен мақал-мәтелді табыңыз. ( ) Найди пословицу в тексте. А) «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы В) Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған С) Ауыл түбі –бірлік, қауым түбі – тірлік Д) Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. 3. Мәтіндегі зат есімдерді мағынасына қарай төменде деректі, дерексіз топтап жазыңыз ( ) Найдите существительные в тексте в зависимости от их значения. деректі дерексіз 1 2 4. Жинақтық сан есімді тап. ( ) А) Бірінші В) Бірі С) бір-бірден Д) біреу текст: Берілген мәтінді 2 рет мұқият оқып шығыңыз. Мәтіннен негізгі ақпаратты табыңыз. Прочитайте внимательно текст 2 раза. Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады. Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.