Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма Мәтіндерді өзара салыстырыңыз. Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктердібайқадыңыз? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз.ON1-мәтінОтбасы – Отанымыздың ошағыҚазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы бакыту.үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-аққазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, кыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастырудаоның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасымүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерінтуғызған. Қазақ отбасындагы арнайы жазылып бекітілмеген заңдары» әке мен ұлдың, шеше менқыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келінмен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзарақарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егержапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халкы басқаларды қойып, өзішінде тұйық халық Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің кұпия болғанын қалайды. Бірсөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, ни берік қамалмен тең. Баскахалықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшынхалқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмеккөрсетуді өз жауапкершіліктеріне алмайды.2-мәтінБірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топқарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керекдесеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, біздібосатыңдар», - дейді Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, байадаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мiнiңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұльма құда түстім. Соған 40құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оңбосағамда тытулы алтынымды, сол босагамдагы күмiсiмдi қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігіттібидің аулына жібереді.Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүлбылай дейді: «Жоқ, би атам 40 карақшының қолына түскен екен. 40 кунан атан дегені - 40 мықтыжігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күшісі –баласы және келіні – мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдіңақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіп, 20палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады.Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдіңақылдылығы мен тапқырлыгы елге жайылыпты.1-мәтін2-мәтінТақырыптарыҚандай стильде жазылған?Мәтіндерден мысал келтіріңізМәтінде көтерілген мәселеге пікіріңізЖазылымОтбасыңыздың бір мүшесінің болмысын сипаттап, мінездеме құрастырып жазыңыз. Жазылымжұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, тақырып бойынша жеке, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.[6]
Мұғалім туралы.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.
Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Ұстаз – мектептің басты тұлғасы, жүрегі десек те болады.
Жаһандану заманында ұлт¬¬тық бәсекеге барынша қабілетті болудың көр-сет¬кіші – білім деңгейімен өлше¬нетіндіктен, Елбасымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Сондықтан да егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбектері жемісті болса екен деймін.