Еңлік-Кебек махаббат, тарих,
әлеуметтік өмір шындығын көрсететін дастан.
Еңлік пен Кебек заманы мен қазіргі заманды салыстыратын болсақ екеуі екі түрлі заман, және басқа көз қарас.
Еңлік пеп Кебектің заманын алатын болсақ: ол кезде заман өте қиын болған, барлық шешімді билер шешіп отырған, қыз-келіншектердің көп жерде құқығы болмаған, оқымаған, рулар аласындағы шайқас, жерге талас болған. Адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдырының аяғы өлімге әкеліп соқты.
Ал қазіргі заманды алатын болсақ: бізде бәрі өзгеше. Билер сияқты арамызға түсетін басшы жоқ. Өзің би, өзің Қожа. Әркім өз сүйгеніне қосыла алатын заман. Әр адамның өз құқығы бар, дамыған заман. Біздің заманымыз жастар заманы, білім қуған заман. Қазіргі заманда білім алып, жұмыс істеп, сүйген жарын тауып, отбасын құруға құқылы.
Объяснение:
Дәл біздің заманымызда Еңлік пен Кебек болғанда. Бақытты да салиқалы отбасы болар еді.
Астана - мәдениет пен өнер ордасы.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
памагите я зделалю самый лучший в мире ответ
материальная:мотыга, серп,глинянныегоршки,кинжалы,топоры,кости животных,
остальное духовная
объяснение:
дай лучший ответ