Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.[1]
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев
Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан.[2]
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949).
Нарынқол ауданында мұғалім болды.
"Жұлдыз" журналында жұмыс істеген.
"Балдырған" журналында қызмет атқарады.
Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70).
Шығармалары Өңдеу
"Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы
"Он алты жасар чемпион" (1951)
"Бақыт жолы" (1952)
"Алыстағы ауылда" (1953)
"Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).
"Дала жұлдызы" (1960)
"Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)
"Гауһар" (1966) повестерін жазды.
"Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
"Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)
"Әпенденің айласы" (1960)
"Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.
Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969)[3]
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
решение это соч хотя бы одно задание
Объяснение:
“Махабхарата” (санскритше “ұлы Бхарата туралы аңыз”) — үнді халқының эпосы. Үндістанның солт. және солт.-батыс тайпаларына ауызша тараған аңыздар мен жырлардың негізінде құралған. Оның шығу тарихы б.з.б. 2 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазіргі нұсқасы б.з. 1 ғ-ында қалыптасқан. “М-ның” бастапқы мәтіні (25 мың жолға жуық) бірнеше рет толықтырылып, өңделген. Эпос алғаш пракрит, кейінірек санскрит тілінде жырланған. Жырға Хастинапураны (қазіргі Дели қ.) билеу үшін таласқан екі тайпа мен олардың одақтастары арасындағы қырғын соғыс арқау болған. “М.” 18 кітаптан және көлемі үлкен бірнеше кіріспе жырлардан, негізгі сюжетпен тығыз байланысты фольклорлық сипаттағы “Чакунтале туралы хикая”, “Рама туралы жыр”, “Матсья туралы хикая”, “Шиви патша туралы хикая”, “Нала туралы жыр”, “Савитри туралы хикая” атты аңыздардан, кітапқа кейінірек енген “Бхагавадгита” дастанынан құралған. Эпос авторы Вьяса тарапынан баяндалады да, бірте-бірте тікелей қатынасушы кейіпкерлер тарапынан баяндауға көшеді. Үндістан, Индонезия, Бирма, Камбоджа, Тайланд, Шри-Ланка халықтары әдебиетіндегі образдар мен сюжеттердің көпшілігі “М.” жырынан бастау алған. Еуропада “М.” эпосы 18 ғ-дың аяғында “Бхагавадгита” жырының ағылшын, неміс және орыс тілдеріндегі аудармасы жарық көруіне байланысты белгілі бола бастады. 19 ғ-дың басында “Нала туралы жыр”, “Савитри туралы хикая”, т.б. тараулары аударылды. “М.” дүниежүз. маңызы бар ескерткіш деп танылып (19 ғ.), ғалымдардың назарын аударды. “М.” эпосының толық нұсқасы 1948 ж. ағылшын тіліне аударылды. 1950 — 67 ж. аралығында орыс тіліне тәржімаланды. “М-ны” зерттеуде үнді ғалымдарымен бірге Еуропаның Ф.Бопп, Л.Шредер, С.Соренсен, Г.Бюллер. т.б. ғалымдары көп еңбек сіңірд