Милита1065
?>

с казахским (с каждым словом нужно составить предложение)​

Казахский язык

Ответы

yamalsva45

мен номер алтыншы мектепте оқимын. Әсел тоғызыншы пәтерде тұрады. Мен он бірінші бетті аштым. Әдлет он бесінші қабатқа көтерілді. Отыз екінші бетті оқы.

Nadirovich1317

Ертең алтыншы күн

Тоғызыншы мамыр мереке

Оныншы номерлі үйде Бағдат тұрады

Ағам он бірінші сыныпта оқиды

Он бесінші қыркүйекте туған күнім болды

Алия тізімде отыз екінші тұр

Абайдың қырық үшінші қара сөзін жаттадың ба?

Мен ойынның елу төртінші кезеңіндемін

Кітаптың алпыс бесінші бетіндегі тақырыпты оқу керек

Сабақты жүзінші пайызға дейін орындадым

sashaleb88

Менің жазғы демалысым.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма  ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем де болады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.

Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әлі сапарларымыз көп болғай!

stailwomen31
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың аз екендігінде білемін. Сондықтанда қазірден бастап алдыма мақсат қойып , оған табанды түрде кірісіп , арманымның жетегіне еріп келемін.      Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты , нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі , әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықты алатын болсақ , Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір , жаны да бір жолбасшысы-мұғалім» демекші ұстаздық ең жоғарыда тұратын , өте құрметті де қадірлі мамандық. Ұстаз алдындағы шәкіртті қандай жолға түсірсе , шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып жүреді деп ойлаймын. Жалпы жалғыз ұстаздық қана емес , мейлі шахтер болсын , аспаз , құрылысшы болсын , өз алдында жеке бір мамандық деп білемін.    Ал өзім жайлы айтатын болсам , болашақта қандай салада жұмыс істейсің? деген сұраққа мен ойланбастан биология саласы дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда биология , химия , физика және математика салаларына жете көңіл бөлінсін» демекші мен жеке биология саласын одан әрі дамытқым келеді. Атақты ғалымдар сияқты жаңалықтар ашу менің басты мақсатым. Әрине бұның барлығы да қазір арман болса да , жоғарыға көтерілу жолында қиындықтар туындайтынын білсем де , мен бұл мақсатыма жететініме сенімдімін. Және де бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында қазіргі күннен бастап мен алға қарай қадам басудамын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

с казахским (с каждым словом нужно составить предложение)​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

elenalukanova
s9152992722344
tarja4140
Chutaeva381
gbfedak220
anna-leonova
Maloletkina-marina2
Герасимова107
alakhverdov138
gullieta
Nertman45
nsh25044
lidiya08083268
oksit
Sonyamaslo6