Наурыз мерекесі қай заманда да өте ерекше әрі маңызды мейрамдардың бірі.Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқы бұл мейрамды Әз -Наурыз мейрамы деп атайды.Бұл күні бүкіл табиғатқа ,тіршілік иесіне ,өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады деседі.Наурыз -күн мен түннің теңелген күні.Бұл күнді халық әр жыл сайын мереке , той -думан жасап өткізеді.Қаланың көшелерінде киіз үйлер қойылып, дастарқан жайылады.Дастарқанға әртүрлі қазақтың ұлттық тағамдары қойылады ет асылып бауырсақ пісіріледі.Бірақ дастарқанның басты асы--Наурыз көже,Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады деген сенім бар.Алаңға алтыбақан құрылады, ән шырқалып би биленеді.Қазақ халқының әртүрлі ойындары ойналады.Бұл мерекені халқымыз неліктен ,,Ұлыстың Ұлы күні ,,деп атайды екен ?Бұл жөнінде мынадай аңыз бар .Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтыпты.Жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады.Сол себепті ,бұл күнді Ұлыстың Ұлы күні -деп жариялады.Міне ,аңыз бойынша қазақша Жаңа жыл мерекесін Ұлыстың Ұлы күні деп атаймыз.
Олимпиада жеңімпаздары(эссе)
Олимпиада жеңімпаздары-Қазақстанның мақтаныштары болып саналады.Себебі олар біздің Қазақстанды бүкіл әлемге танымал етіп жатыр.Солардың бірі,ол-біздің мақтанышымыз Бекзат Саттарханов.Б.Саттарханов-(4 сәуір 1980 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген)-Қазақстандық боксшы,халықаралық дәрежедегі спорт шебері.2000 жылы өткен Сидней олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы.Бір дәрежелі "Барыс" орденінің бірінші иегері.Ол 2000 жылы 31 желтоқсан өмірден озды.(61 сөз)
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы
Көтерілістің шығу себебі
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Объяснение: