Қазіргі ғасыр - ақпарат ғасыры. Соның жетістіктерінің бірі ғаламтор желілері және оның атқаратын көпқырлы қызметтері. Жастар көркем әдебиет оқымайды деп айта алмаймыз. Мектеп бағдарламасында қазақ, орыс әдебиеті сабақтарында міндетті түрде оқып, танысуға тиісті шығармалар тізімі оқушыларға беріледі.
Ғаламтор… Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатыгездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқығымыз бар.
Ғаламтор… Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуальды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз… Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша тиімділікпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ.
ХХІ ғасырдың басты жетістіктерінің бірі – мобильділік. Бүгінде барлығы өте жылдам әрекет жасайды. Егер бұрынырақта баяу жасайтын дербес компьютерді күтіп, бір құжатты дайындайтын болсаңыз, қазір мықты девайстар бұл мәселені артта қалдырды. Уақыт та тез өтетін болды. Бір босаған минутыңызды сіз міндетті түрде ғаламторды пайдаланумен өткізесіз. Рас емес пе? Әрине, қазірде оның пайдасы мол. Оқуда, жұмыста, ізденуде ғаламтор тамаша көмекші. Алайда, ғаламтор «дертіне» шалдығып, оның құрбаны болған жандар көп. Досыңызбен кездесуде өзіңізді ұстай алмай, телефонға қарап, келген хатқа жауап бересіз. Айтып жатқан әңгімесін тыңдамай, бар ойыңыз смартфоныңызға бағытталады. Шын мәнінде телефонға сіздің жауабыңыз тез арада қажет емес, тіпті, назарсыз қалдырсаңыз да оған бәрібір. Ал досыңыз назарсыз қалғаны үшін қатты өкпелеуі мүмкін.
Табысымызға жетелейтін пайдалы, сапалы ақпараттарды тез арада алып, жаңа білім сусындаймыз. Сол себепті ғаламторды өзіндік дамуымызға пайдалана білейік. Әлеуметтік желіге тәуелділіктен арылу үшін тексерілген тәжірибені ұсынамыз. Ол - спортпен айналысу. Ер жігіттер белгілі бір спортпен немесе қарапайым жаттығумен айналысып, қыз балалар бимен, жүзумен, йога немесе жаттығумен айналысуына болады. Нәтижесінде - тәуелділіктен арыласыз, денсаулығыңызды түзейсіз, өзіңізге сенімді боласыз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Используя данные ключевые слова и план, на тему «Честная дружба» напишите текст.Ключевые слова: добродетель, зеркало человеческой души, надежный товарищ, честность, близость.План:1. О дружбе2. Каким должен быть друг?3. Как поживает твой друг?
Объяснение:
Друг-как зеркало человеческой души. Потому что человек ищет именно ту душу, которая ему близка. Мысли, мечты, цели, а главное ценность в жизни-это то, что люди становятся настоящими друзьями и не проходят между собой всю жизнь.
Когда человек спрашивает своего ребенка, как он хочет, чтобы его друг был, он перечисляет свои претензии. Но отвечает ли он именно этим требованиям? Именно он достоин такого безупречного, верного друга? Жаль, что он не думает об этом. Прежде чем предъявлять претензии другу, прежде всего нужно подумать, каким другом ты можешь стать. Человек, который первым поставил перед собой требования к другу, сам может стать кому-то настоящим другом.
Фундамент отношений между людьми-честность. Тщеславие, когда ты сам не честен и ждешь от другого верности. Без верности даже в дружбе она не может перерасти в вечность.