Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның осы мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен дараланған.
Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған геройдың характерін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін ашады. “Ұшқан ұя” мен “Москва үшін шайқаста” әңгімеленетін оқиға тізбегінен жазушы жаңа жол тауып, роман-диалогта геройдың психологиялық толғаныстары мен дүние танымына айрықша зер салған.
Құрманғазы күйлерінің шығу тарихы
Құрманғазының есею кезі патша өкіметіне қарсы бас көтерген Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық көтерілісімен тұспа-тұс келген. Сол көтеріліс кезінде күйшінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйі дүниеге келеді.
Бұл күй халық композиторының үлкен шабытпен, жүрек толғанысынан туған классикалық үлгідегі толыққанды шығарма. Ахмет Жұбанов аса дарынды домбырашы-күйші Оқап Қабиғожиннің берген мағлұматына сүйене отырып, "Құрманғазы бұл күйді "Кішкене інісінің үлкен ағасы — Исатайға арнапты", — дейді.
Ал "Қайран, шешем" күйін Құрманғазы абақтыда жатқан кезде шығарған.
Бір күні түрмеде жатқан Құрманғазыға анасы Алқа келеді. Баласының түрмеде езілгенін көрген бірбеткей, ер мінезді ана ұлының жағынан бір тартып жібереді. "Мен ұл тудым ба десем, ез туған екенмін ғой, мына қас дұшпандарыңның алдында оныңды көрсетпе" деп, қапаста жатқан ұлына жігер берген екен. Осыдан кейін күйші қолына домбыра алып, "Қайран, шешем" күйін күмбірлете жөнеледі.
керегін өзіңе ал.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Айтпаса сөздің атасы өледі» эссе 100-150 слов
Объяснение:
Қазақта «Айтпаса сөздің атасы өледі» деген мәтел бар. Ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған, тамырлас, туыстас қазақ пен қырғыздың арасына барған сайын жік түсіріп бара жатқан шетін мәселеге қатысты үн қосуды азаматтық парызым деп санаймын.
Қазақ не айтса да тауып айтқан ғой. Халқымызда, кім, қашан айтқаны белгісіз «Сөз – Құдайдың бір аты» деген қанатты сөз бар. «Кім», «қашан» деп ежіктеп отырғаным, дәл осы сөз Ұлы Жаратушыдан түскен қасиетті төрт кітаптің бірі «Інжілде» де кездеседі.
Оның Иоаннан жеткен бір тармағында: «Әуелі сөз болған. Ол құдаймен келген. Сөз – Құдайдың өзі» делінген. «Інжілдің» үш сөйлемін қазақ даналығы бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Сөз – өте қуатты қару. Әйтпесе, аталарымыз: «Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деп айтар ма еді? Қазір әлеуметтік желі атаулыны ашып қалсаң да, компьютердің тетігін басып қалсаң да Атамбаевтың қазақ пен қырғыз арасына от тастаған сөздері желдей есіп тұр.