Әңгіме – қиын жанр. Алдымен оның көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Сюжет желісі де оқырманды баурап алатындай қызықты, тартымды болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән еркешелікпен дараланып, сол арқылы әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Ал әңгімедегі басты дараланған кейіпкер – қоғамның өкілі, типтік тұлға болуы керек. Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі. Қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік
gabbro19975650
06.06.2023
Менің Отаным-Қазақстан Қазақстан- менің Отаным Қазақстан көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр,Елімізде мыңдаған өзендер ағып жатыр ,соның ішінен ең ірі өзендер Ертіс ,Есіл,Жайық,Сырдария болып табылады, Қазақстанның табиғи ресурстары бай әрі сан алуан. Елімізде неше түрлі ұлт қауымдастары бар;қазақтар,орыстар,украиндер,поляктар,өзбектер ,Олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді Менiң туған өлкем — кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексiз сүйемiн. Әрқашан аялап,қорғап жүремін