Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
тоқсан бойынша жиынтық бағалауӨткізілетін күні: «» 2020 жыл саны: 15 5 «» сынып оқушысы ОҚЫЛЫМ. [7]Ерте, ерте, ертеде бүркіт: «Кім күшті?» деген қазақша күрестен сайыс өткіземін», – деп жан-жануарларға жар салыпты. Аю, жолбарыс, қасқыр, қоян, барыс, арқар мен борсық сайысқа қатысуға дайындала бастайды.Атасы барысты сайысқа дайындайды.- Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам! Сайыста күшті болу керек, бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! – деп, атасы барысқа ақыл айтады. Барыс сайысқа қатысу үшін көп жаттығады. Сонымен, сайыс күні де келіп жетеді. Бүркіт, қабан, таутеке төреші болады. - Сайыс жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады, - деп бүркіт жариялады. Қасқыр мен қоян, арқар мен борсық, аю мен қабан, барыс пен келес күреседі. Қоян қасқырды, аю қабанды, борсық арқарды, барыс келесті жеңеді. Жартылай сайыста аю мен қоян, барыс пен борсық күреседі. Аю қоянды, барыс борсықты жеңеді де аю мен барыс шешуші сайысқа шығады. Барыс аюмен күреседі. Ол атасының айтқан ақылын есіне түсіреді де ептілікпен өзінен күшті аюды аяқтан шалып жеңеді. Сөйтіп, барыс ептілікпен төзімділік көрсетіп, жеңімпаз атанады. Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды. №1 ТАПСЫРМА: [3]1.1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз 1.2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз: әлді - 1.3. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз: сабырсыздық - №2 ТАПСЫРМА: [3]Сұрақтарға жауап беріңіз:2. 1. Жарысқа қандай аңдар қатысты? 2.2. Жартылай сайысқа қай аңдар шықты?2.3. Сайыс қай аңның атымен аталатын болды? №3 ТАПСЫРМА: [1]3.1. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.І. Қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталады. ІІ. Ертеде бүркіт қазақша күрестен сайыс болады деп жар салыпты.ІІІ. - Сайыста күшті болу керек, бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! – деп, атасы ақыл айтадыA) II, I, ІІІ B) ІІІ, II, І C) II, IІІ, ІЖАЗЫЛЫМ. [8]№4 ТАПСЫРМА: Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, бөлмелеріңіздің, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз (60-70 сөз [8]
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Сол себепті сізге айтарым , бүкіл қазақ еліне , жер бетіне айтқым келетіні табиғатымызды қорғайық. Не де болсада біз табиғат арқылы күн көріп жүрміз, табиғат ана деп бекер айтпаған. Егер сіз табиғатты қалай қорғау керегін білсеңіз онда ойыңызбен бөлісіңіз.