Режиссер болсам, қандай фильм түсірер едім?
Маған «Режиссер болсаң, қандай фильм түсірер едің?» деген сұрақ тосыннан қойылса, бірден жауап беру қиынға түседі. Себебі, мен бұл мамандық атауын жиі естіп жүргеніммен, режиссер нақты қандай жұмыс атқаратынын білмеуші едім. Сонымен, сөздікке жүгінуге тура келді.
Сөздіктегі анықтама бойынша «Режиссер – сахналық қойылымның көркемдік тұтастығын, кейіпкерлердің өзара қатынастары арқылы саяси-әлеуметтік, фәлсафалық, азаматық және басқа көптеген келелі мәселелерді көтеретін спектакльдің қоюшысы, шығармашылық процесстердің ұйыдастырушысы, әрі авторы» екенін білдім. Демек, режиссер болу үшін өнерге біршама жақын болып, адамның бойында белгілі бір дарын болуы керек деп ойлаймын. Себебі қойылымның идеясын, тақырыбын анықтап, кейіпкерлердің өзара қарым – қатынасын реттеп, көрерменге ұсынады. Біршама қиын әрі жауапты іс екені бірден көрініп тұр.
Біздің күнделікті көріп жүрген киноларымыз осы режиссерлердің еңбегінің жемісі екенін білдім. Осы бір мамандық иесі фильм көрерменнің көз айымынан айналу үшін қаншама тер төгетіні біреуге мәлім болса, енді басқалары тіпті ол туралы білмейді. Режиссерлер актерлердің киімі мен гримінен бастап музыка, жарық, дыбыстық үндер, сахна кеңістігі осының бәрін шебер ойластыруы қажет.
Ал мен өз басым режиссер болсам, тарихи фильм түсірер едім. Бірақ тарихи фильм түсіру ең қиыны деп білемін, себебі жоғарыда аталған істерден басқа, фильмдегі тарихи деректердің дұрыс болуын да қадағалауым керек болады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
5/ Айтыстағы Біржан бейнесін, оның сыртқы келбетін, мінез-құлқын, ішкі психологиясын танытатын жолдарды анықтаңыз. [1] А) Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ, Теңестеп айыбыңды тізсем қылға. Қолыңды ұстатпайтын ерке болсаң, Келімсек әкең неге берді құлға? В) Қырымға қарайтұғын қыран құспын, Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын. Айнымас қанды балақ ақ иықпын, Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын. С) Орынбай іздеп келіп кеткен қаңғып. Жеңген жоқ Көшімбайың о да аңдып. Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан, Жаманын көтереді арғын сән қып. Д) Шақыртып нағылады оны Біржан, Көруге ынтық емес соны Біржан. Арғыннан асып кеткен бай болмайды, Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан. 6/ «Біржан-Сара» айтысында Сараның иронияны қолдану ерекшелігіне 4-5 сөйлеммен баға беріңіз. [3] 7/ Қазыбек бидің «Не қымбат?» деген сауалға берген жауабын автор бейнесімен байланыстыра отырып талдаңыз. [3] 8/ Егер сен айтыскер ақын болсаң, қандай әлеуметтік тақырыптарды қозғар ең? (3-4 сөйлем) [3] 9/ «Сырым мен Балаби» әңгімесіндегі Сырымға жазбаша мінездеме беріңіз. (5-6 сөйлем[3] 10/ «Жыраулар поэзиясы – өз дәуірінің айнасы» тақырыбына баяндаудың тірек-сызбасын жасаңыз? (3-4сөйлем) [3] 11/ Тақырыптың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Шығармалардың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдаңыз. [10] 1/ Би-шешендердің аталы сөздеріндегі ойлар қазіргі кезде өзекті ме? Өз ойыңызды талдап жазыңыз. 2/ «Біржан мен Сара» айтысындағы бейнелі сөздердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
Егер мен кинорежиссер болсам, “Келiн” фильмiн баяғы көне заман емес, қазiргi сұрапыл, қиын заманымыздағы келiннiң келуi, енесiмен сыйыспауы, “бөлек тұрамыз” деп күйеуiн азғыруы, ақшасын оңды-солды шашуы, несиеге батуы, бала көтере алмай бедеулiкке ұрынуы және тағы басқа да қиындықтар туралы фильм түсiрер
едім.