Ғаламтор туралы пікір әртүрлі. Ол жайында көп айтылады. "Ғаламторды дұрыс пайдалану-мәдениеттің белгісі" бұндай пікірмен қалай келіспейсің, әрине дұрыс айтылған. Егер біз тек ғаламтордағы атысып, бірін бірі өлтіріп жататын ойындарды ғана пайдаландық дейік, онда біз бір қанішер, жауыз болар едік, немесе тек әдепсіз жарнамаларды ғана көрсек, онда не болады. Міне, сондықтан ғаламторды тек қажетіңе, дұрыс пайдалану -мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті, ғаламторда ұзақ отырсаң, алтын уақытың босқа жойылады, көзіңнің көру қабілетіне зияны тиеді, ойлау қабілетің бұзылады, бір сөзбен денсаулығыңа кері әсер етеді. Әсем табиғаттың, өмірдің әсемдігін, адамдардың қадір қасиетін байқаудан қаласың.
"Ғаламторды дұрыс пайдалану- мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті" деген пікірмен толықтай келісемін. Себебі, ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз, атап айтқанда ғаламторсыз елестету қиын. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, ғаламторды дұрыс пайдалана білеміз бе, бар мәселе осында. Дұрыс пайдалану дегеніміз - ең алдымен ғаламторға тәуелді болмай, яғни бар бос уақытыңды сарп етпеу керек деп ойлаймын. Одан кейін түрлі сілтемелердің барлығын баса бермей, абай болу керек. Өйткені қазіргі таңда ғаламторда алаяқтық кеңінен тарап кетті. Сондай алаяқ адамдардың қармағына түсіп қалмас үшін, бөгде сайттарға кірмей, байқау керек. Одан қала берсе, қазіргі таңда ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді. Міне, осының бәрі ғаламтордың кері әсері деп білемін. Бірақ, дұрыс пайдаланған ғаламтор таптырмас пайдалы құрал екені айдан анық. Себебі оның көмегімен біз кез келген құжатты басып, шығара аламыз; қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі бар; Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі және әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Сондықтан да осынау пайдалы құрылғыны дұрыс әрі тиімді жағынан пайдалана білейік!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Достығымыз жарасқан елміз Қазақстанда әр ұлт өкілдерінің кәсіппен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Бізден басқа мемлекетте дәл біздегідей терезесі тең еңбек етіп, кәсіп жасап, қалаған ісімен айналысып жатқан диаспоралар жоқ. Сондықтан олар Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатыр. Тіпті кейбір ұлт өкілдері жер иесі қазақтардан артық тұрады. Алматыдағы сауда орындары мен тағы да басқа жерлерде еңбек етіп жүрген әртүрлі ұлт өкілдерін көргенде қазақтың кеңдігіне қайран қаласыз. Осыдан біраз жыл бұрын тарихи Отандарына кеткен біраз немістер Қазақстанға қайта келді. Қазақтың дархандығы мен кеңдігін, бауырмалдығын Герольд Бельгер көп жазды. Жақында дүние салған оны өзінің өсиеті бойынша достары қазақтар Кеңсайға жерледі. Міне қазақтың өзге ұлтқа деген сүйіспеншілігін осыдан көруге болады. Олай болса Қазақстандағы ұлттар достастығы жасай берсін! [2] Негізгі ақпарат жане Қосымша ақпарат
ответ:Туған күні
24 мамыр 1988 жыл
Туған жері
Қызылорда
Бапкер(лер)і
Вилорий Пак, Ержас Болтаев, Тойшан Бектимиров
Бойы
174 см
Салмағы
94 кг
Марапаттар
Ауыр атлетика
Олимпиада ойындары
Алтын Пекин 2008 94 кг дейін
Алтын Лондон 2012 94 кг дейін
Әлем чемпионаты
Алтын Доха 2005 85 кг дейін
Алтын Санто-Доминго 2006 94 кг дейін
Алтын Париж 2011 94 кг дейін
Азия ойындары
Алтын Доха 2006 94 кг дейін
Алтын Гуанчжоу 2010 94 кг дейін
Илья Александрович Ильин ( 24 мамыр 1988 , Қызылорда ) - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет) . Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы ( 2008 , 2012 ),әлемнің үш дүркін чемпионы ( 2005 , 2006 , 2011 ) және Қазақстан чемпионы [1] . Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
Объяснение: