Одағайлары бар халық әндері.
1.Қызыл бидай
2,Ағаш аяқ.
3Әттең ,шіркін ,қыздар -ай !
Әттең, шіркін, қыздар-ай (халық әні)
Айналайын көзіңнен, бота көзім,
Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Естен кетпес, қош болғай, деген сөзің, алгідіг-ай.
Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.
Ұстатпайды жылқыда қара бедеу,
Сусыз жерге көп шығар елеу-селеу, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Қош есен бол дегенің о да медеу, алгідіг-ай.
Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.
Қызыл бидай (халық әні)
Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай,
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай,
Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.
Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!
Қыз емес, қыздың аты – қызыл өрік,
Баршасы бірдей келсін мінез, көрік.
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып,
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік.
Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!
Ағаш аяқ (халық әні)
Атандым мен жасымнан ағаш аяқ
Жас жанды ақсақ етті аямай-ақ
Салдықтың салдарынан ақсақ болып
Жүргенім қолыма ұстап жалғыз таяқ
Әй, қалды-ау, қалды-ау
Әй, қалды-ау, қалды-ау
Қыз қалды ойбай
Қыз қалды-ау
Қара жол ма дегенім
Шұбырынды із болды-ай, ойбай
Ала жаздай нәр татпай
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай
Қыз қайда, ойбай, қыз қайда?
Шіркін-ай есіңе ал,
Алсаң ал, алмасаң қой
Сенсіз өлер деймісің
Шіркін-ай, шіркін-ай
Үкілі кәмшат бөркің-ай
Ой-пәлі-ай
Ей, пәлі-ай!
Осылай ма едің
Қыз бала-ай!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Қазақстанның ғажайып мұралары-ел қазынасы» тақырыбында жазба жұмысын орындаңыз.Жазылым жұмысын тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйел құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолд, орфо, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз
казахстанский язык ел казахов.Казахская жаба жумайсынбы орендайзер.
Объяснение:
Дальше не знаю