Анама сыйлық.
Менің аяулы да ардақты анамның туылған күні жақындап келе жатыр.Ал мен сыйлыққа не берерімді әлі күнге дейін шешпедім.Анам қымбат сыйлықтарды ұнатпайды.Маған үнемі "маған қымбат иіссу алғанша,өзіңе дәптер мен қалам алмадың ба?!" деп айтатын.Сондықтан бұл жолы артық ақша құртып,анамды ашуландырмай-ақ қояйын деп шештім.Құрдастарым өз қолыңмен сыйлық жаса деп кеңес берген еді.Мен суретті жақсы саламын.Алайда құр сурет қарапайым болып кетеді деп ойлаймын.Өлең шығаратын қабілетімнің жоқтығын қарашы.Осылайша ұзақ ойланып еңбек сабағынан үйренген білімімді пайдалануды шештім.Таза, тік төртбұрышты ағашты алдым да ішін ойып рамка секілді жасадым.Ағаштың шетіне әдемі гүлдер салдым.Одан кейін тастармен әшекейледім.Анам екеуміз түскен фотоны салдым.Мінеки,өз қолыммен әрі әдемі фото салатын рамканы істеп шықтым.Енді ақ параққа өзімнің жүрегімнен шыққан тілектерді жазу ғана қалды...
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Білім алушы 7-сынып 1-тоқсан бойынша қазақ тілі пәнінен №1 жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларБөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика»Оқу мақсаты 7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау74.1.1.. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазуБағалау критерийі Білім алушы• Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаммен жалғастырады• Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазадыОйлау дағдыларының деңгейіОрындау уақыты Қолдану20 минут1.Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға өз болжамыңызбен жауап беріңіз. Болжам:1. Табиғатттағы өзгерістердің себептері2. Күн мен түннің ауысу себептері3. Күннің тұтылу себебі2. Мәтіннен жалғау мен шылау түрлерін ажыратыңдар.Айтылуы мен жазылуында ерекшелік бар сөздер қатарын жазыңдарШет тілін білу не үшін қажет?Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңілкүй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр. Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді.Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Білім алушы 1.Мәтін үзінділеріне сүйеніп, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаммен жалғастырады 2.Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады 12 Өзгерістер туралы болжамын білдіреді;Табиғатттағы өзгерістердің себептері туралы пікірін білдіреді;Күн мен түннің ауысу себептеріне болжамын білдіреді;Күннің тұтылу себебіне болжамды жауабын жазадыжалғау мен шылау түрлерін ажыратадыАйтылуы мен жазылуында ерекшелік бар сөздерді анықтайды 1111111Барлығы 7
Табиғат жаратушы иеміздің белгілі бір теңділігімен өзгеріп отыратын қасиеті.Ол адамзаттың рухани кілттерінің бірі .Ондағы өзгерістер әртүрлі себептермен болуы мүмкін.