Бұл қандай мәтін туралы? Мәтінді суретке түсіре аласыз ба?
Зар заман – тарихи кезең.
Көгінде қыран қалықтап, жерінде түйесі боздап, жылқысы құлындаған байтақ қазақ жері небір қан сасыған майдандарды өткерді. Ал қазақ елінің осынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткізу үшін бейнетті, терді, талай бейкүнә өмірді артқа тастады. Ел тарихында осындай айрықша тарихи кезеңдердің бірегейі – "зар заман" кезеңі.
Зар заман ақындарының алғашқы легі Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. Ал зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет М.Әуезов енгізген термин. Сол кез ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. "Неліктен "зар заман"? Ол кездегі жағдай қандай болды?" деген сұрақтарға біз жауапты Шортанбай Қанайұлының бір ғана "Зар заман" өлеңінен-ақ ала аламыз.
Ақын өлеңін "бисмілла" деп бастап көргені мен түйгенін жырлап әкетеді.
Дұрысын білмейтін надандардың басшы бола бастағанын, ақша деген дүниенің шыққанын, байлардың ұрлық жасап, билердің парақор болғанын, бір-бірлерін көре алмай, орыстарға жем болатынымызды, егесетін, әдесіз қыз бен жігіт шыққанын, барлығының ойлағаны мал және бұрынғы заман қайта келмейтінін айтып күйінеді. Осыдан-ақ сол кезде расында ел ішінде үлкен өзгеріс пен жаңашылдық болып жатырғанын көреміз. Ш. Қанайұлының ойын жалғастыра көптеген ақындар да сол заманды өз өлеңдеріне арқау етті.
Әлбетте, қазіргі заман бұдан әлдеқайда тыныш, бейбіт. Бірақ сол кезеңнің қалдықтары да жоқ емес. Игі жақсыларымыз, ұлт жанашырлары саны ғана емес сапасы жақсы болса, әлеуметтік жағдай одан әрі жақсарары шүбәсіз.
Объяснение:
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде а ң табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
. Балаларым, сендерге көп рақмет, бақытты болыңдар, -Балаларымен айналдым, мұндай балаларды әлемнон, 2. Балалар сыйлық пен базарлықты кімнен алды?3. Кемел атасынан не алды?4. Нұрәлі әжесінен не алды?5. Қоржыннан қандай тамақтар шығарылды?6. Әкесі қымызды неден құйып ішті?Or
текст жоққой,қалай жазамыз