Совесть, честь, стыд. Ар,намыс, ұят.
1. Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.
Мужчина погибает в бою, заяц – в камышах.
2. Ер жігітке өлімнен ұят күшті.
Для жигита лучше смерть, чем позор.
3. Жігіттің қүны жүз жылқы, ары мың жылқы.
Цена жигиту – сто коней, цена его чести – тысяча коней.
4. Ақылың болса арынды сақта: ар-ұят керек әр уақытта.
Если умен, честь береги; честь и совесть – спутники каждому шагу.
5. Ел намысы – ер намысы.
Честь народа – честь жигита.
6. Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы.
Жигит – сын своего народа и раб своей чести.
7. Өлімнен ұят күшті.
Стыд сильнее смерти.
8. Мал сақтама, ар сақта.
Не добро береги, а честь свою береги.
9. Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
На богатство не полагайся, а на совесть опирайся.
10. Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.
Большой нож со стыда режет.
11. Ашу – ақылдың дұшпаны, нәпсі – иманның дұшпаны.
Гнев – враг разума, неумеренный аппетит – враг совести.
12. Атты қамшы айдайды, ерді намыс айдайды.
Коня подгоняет кнут, жигита – честь.
13. Қазаннан қақпақ кетсе, иттің ұяты кетеді.
Когда с котла крышку снимают, собака всякий стыд теряет.
14. Атын аяған жерге қарар, құсын аяған көкке қарар.
Кто коня жалеет одолжить – в землю смотрит, кто ловчую птицу жалеет одолжить – в небо смотрит.
15. Беттің арын белбеуге түйіп алып.
Совесть в узелок завязал.
16. Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дейді.
Честного совесть удерживает, бессовестный себя победителем считает.
17. Тәнім - жаным садағасы, жаным – арым садағасы.
Тело – жертва души, душа – жертва чести.
18. Жақсы аттың жалын сақтағанша, жақсы жигіттің арын сақта.
Чем скакуна силы беречь, лучше доброго жигита честь сберечь.
19. Қайталаған дерт жаман, қайта бұзған серт жаман.
Нарушить клятву, как дважды переболеть одной болезнью.
20. Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де.
С водкой подружился – с совестью простился.
21. Жарлы болсаң да арлы бол.
Пусть и беден, но будь честен.
22. Енбеқ - өмірді ұзартады, ұят - бетті қызартады.
Труд жизни прибавляет, стыд в краску вгоняет.
23. Өз бетін аямаған кісінің бетін шиедей қылады.
Плюющий на свою совесть, на чужую и не посмотрит.
24. Ер мойнында қыл арқан шірімес.
За жигитом даже волосяная веревка не пропадает.
25. Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат.
Жигит дорожит любовью, а еще больше – честью.
26. Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді.
Каждый ест, что у него есть; бессовестный свою совесть проедает.
27. Адам болам десен, арынды ақшаға сатпа.
Если думаешь сохранить человечность, не меняй на деньги честь.
28. Бетің қісық болса, айнаға өкпелеме. Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
Если рожа кривая, на зеркало не серчай; если совесть нечиста, на родню не пеняй.
29. Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер.
За дело рук головой отвечай.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Қазақтың өмірлік тәжірибесі тілінде сақтал- ған» деген тақырыпта эссе жаз. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр атауларыныңмағынасы өмірмен байланысты екендігін талда.
«Қазақтың өмірлік тәжірибесі тілінде сақталған» ЭССЕ
Эссе
Қазақтың өмірлік тәжірибесі тілінде сақталған.
Тіл - жүрегі елім деп соғатын әр адам үшін баға жетпес асыл қазына.Тіл байланыс құралы ғана емес.Тіл - қорғаушы,қолдаушы.Бір тілден кесірінен қиындыққа тап боласың.Осы бір тілден бар мәселеден айырыласын.Өз туған тілдерінен айырылып қалған да, керісінше тілдерін қастерлеп көкке көтеретін де елдер бар.
Қазақ халқы қашан да тілін басты құндылығымыз деп санаған."Тілі өлген ел - тірі өлген ел" демекші,көптеген ел жанашырлары жаным қалмаса да,тілім аман болсыншы деп тәуекелге өз басын тіккен еді.Осылай ата-бабаның қаны мен төккен терінің арқасында тіліміз аман-сау бізге жетіп отыр.
"Қазақтың ақылы – көзінде,қасиеті сөзінде" деп бекер айтылмаған.Шыныменде тіліміз бізге қаншама тарих пен шежірені әкелді.Тіліміз арқылы сонау замандардағы халық басынан өткен нәубеттерге,ерлік істерге куә боламыз.Ана тілімізбен біз салт-дәстүрлер,жөн-жоралғылар,заңдар мен даналы сөздерді санамызға сіңірдік.Асан қайғы,Бұқар жырау,Жиренше шешен,белгілі үш биіміздің әр сөздерінен ақылымызға ақыл қосылды емес пе?Небір аңыздар,ертегілер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар сол кездегі қазақ халқының өмірлік тәжірибесін көз алдымызға әкелетіндігін жасырмауымыз қажет.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім,-деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай,жас өркендер,бізге де тілімізді қастерлеп,оның кіршіксіз тазалығын әрі бай мұрасын жоғалтпауы үшін күш салуымыз керек.