Kashirina
?>

СОЧ ПО КАЗАХСКОМУ ОТВЕТЬТЕ НА ВСЕ ВОПРОСЫ.

Казахский язык

Ответы

Smirnovav1982422

Қазақта «Үйдің жақсы болмағы – ағашынан, ұлдың жақсы болмағы нағашыдан» деген сөз бар. «Ер тағайына тартады» деп те айтады. Бұл жерде тағайы- нағашысы.

Шешесінің төркіні балаларына нағашы болады. Әже төркіні немересіне түп нағашы делінеді. Үш жұрттың ішіндегі ең ерекшесі болғандығынан шығар олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырған. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашы жиенінің азаматтығы мен ізгі істеріне сүйсініп, мақтанып, мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.

gudachaa1480

Менің сүйікті қойылымым.

Менің көктемгі мектептегі демалысымды пайдаланып, сенбі – жексенбі күндерінде Астанаға жол тартып келдік. Ондағы себеп – біраз қыдырып, сол жақтағы туған – туыстарды аралап қайту еді. Сонымен қатар, осы жолы Астанаға Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры гастрольмен келген екен. Аталмыш театр репертуарынан Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты мюзиклына отбасымызбен баруды үйғардық. Себебі бұл - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертті. Әуенге толы драма әсерге де толы болды. Қойылымда Шәмші мен сыған қызы Изольда арасындағы махаббаттан дүниеге «Сыған серенадасы» әні келді. Спектакль әйгілі композитордың әндерінің сүйемелдеуімен өтті.

Бұл менің алғаш театрға баруым  болды. Қойылым барлығымыздың көңілімізден шығып, ұмытылмас әсер қалдырды. Әзірге бұл менің сүйікті қойылымым деп сеніммен айта аламын. Бұл нәзік сезім мен кіршіксіз махаббаттың жемісі болды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

СОЧ ПО КАЗАХСКОМУ ОТВЕТЬТЕ НА ВСЕ ВОПРОСЫ.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

васильевич
kuliba
info8
Powerbasses5521
tsypant
Рожков Зейдан460
Anastasiya Yevseeva948
vitalis79
subbotinlan
marinakmaa86
Владимир1524
shabaev19542355
Oksana-Kirakosyan1301
srvsm