yelenaSmiryagin
?>

«Келісу, келіспеу» эссесі – ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой жүйелілігін сақтап, көтерілген мәселе бойынша өз ұстанымын анық көрсетіп, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазу. Тақырып: Эссені жазу барысында жауаптың бірін таңдау керек: «келісемін» не болмаса «келіспеймін». Таңдаған жауабыңа сай ойыңды дәлелдеп шығасың. Егер келіссең, келіскендігіңді, ал егер келіспесең, онда келіспейтіндігіңді дәлелдеп шығасың. Келісу\келіспеу эссесінің жазылу үлгісі Кіріспе Берілген ойдың біреуін таңдайды. Негізгі бөлім Келісудің/келіспеудің бірнеше себебі көрсетіледі, оны тақырыптық сөйлем деп атайды. Тақырыптық сөйлем деген идеяның қысқаша мазмұны. Берілген идеяға толығырақ тоқталып, не айтқың келетінін нақты түсіндіру керек, яғни көзқарасыңды білдіресің. Көзқарасыңды растайтын аргументтер келтіріледі. Қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін өмірден, әдеби шығармалардан мысал келтіреді. Қорытынды бөлім Кіріспедегі ойды өңдеп жазу және негізгі бөлімдегі екі дәлелді қорытындылау.

Казахский язык

Ответы

kireevatatiana

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ ӨНЕРІ Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер. Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай: “Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй”, деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық. Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн. Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахме­­дия­ров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ Ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын, қазақ үшін қабырғалы да қазыналы іс – күні кеше ғана тұсауы кесілген “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” антологиясы дер едім. Ұлттың ұлылығын, жұрт­тың мықтылығын таныта­тын рухани құндылықтары, оны мұра етіп қалдырған ой өлшемі биік, қаны да, жаны да таза арыстар екені айдан анық. Бұл Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың тікелей тапсырмасымен, Мәдениет және ақпарат минис­трлігінің ұйытқы болуымен “Мәң­гілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні” жобасы негізінде іске асып отырғанынан хабардармын. Жалпы, күй өнерінің өмірге келген кезеңін тап басып ешкім айта алмаса керек. Тіпті біздің дәуірімізге дейін де алуан түрлі сарындардың болғаны, оны орын­даған аспаптардың сақталғаны мәлім. Ал көне ғасырдағы Қор­қыт, ХІІ ғасырдағы Кетбұға, ХІV-XV ғасырлардағы Асанқайғы, Қазтуған, XVІ-XVІІ ғасырлардағы Байжігіт, XVІІІ ғасырдағы Абы­лайхан, XІХ ғасырдың басындағы Құрманғазы, Абыл, т.б. алыптар, олардың ізін қуған дара талант­тар тарау-тарау әңгіменің, том-том кітаптың арқауы болары сөзсіз. Болып та жатыр. Осы жауһарларымызға кешегі кеңестік дәуірде көп мән бере қоймадық. Атүсті қарап, өзгенің әні­не еліктеп келдік. Сөйтсек, кім­­мен де болса тереземіз тең түсе­тін, иықтаса алатын дүниелеріміз же­тіп артылады екен. Соның бір пара­сын кезінде А.Затаевич жи­нақ­тап бастырса, Е.Брусиловский опералық шығар­маларға тиімді пайдалана білді. Мұның өзі қазақ­тың ән мен күйін қажетіңе жара­та алсаң, қандай шығармамен де ұштасып кете­тінін, ажарын аш­ып, айбынын асыратынын аңғаруға болады.

Александрович833

Жасыл жайлау кок килем секилді ал

Объяснение:

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазагымның алақаны деп білем

Қайырмасы

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі қимай оны

Ұясына батады екен

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем

Қайырмасы

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

«Келісу, келіспеу» эссесі – ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой жүйелілігін сақтап, көтерілген мәселе бойынша өз ұстанымын анық көрсетіп, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазу. Тақырып: Эссені жазу барысында жауаптың бірін таңдау керек: «келісемін» не болмаса «келіспеймін». Таңдаған жауабыңа сай ойыңды дәлелдеп шығасың. Егер келіссең, келіскендігіңді, ал егер келіспесең, онда келіспейтіндігіңді дәлелдеп шығасың. Келісу\келіспеу эссесінің жазылу үлгісі Кіріспе Берілген ойдың біреуін таңдайды. Негізгі бөлім Келісудің/келіспеудің бірнеше себебі көрсетіледі, оны тақырыптық сөйлем деп атайды. Тақырыптық сөйлем деген идеяның қысқаша мазмұны. Берілген идеяға толығырақ тоқталып, не айтқың келетінін нақты түсіндіру керек, яғни көзқарасыңды білдіресің. Көзқарасыңды растайтын аргументтер келтіріледі. Қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін өмірден, әдеби шығармалардан мысал келтіреді. Қорытынды бөлім Кіріспедегі ойды өңдеп жазу және негізгі бөлімдегі екі дәлелді қорытындылау.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Paradismebel
Борисовна
mg4954531175
vak1984
zsv073625
ruslanchikagadzhanov
Ulianev77
chizhenkovd9
CafedeMinou
suturinavaleriya51
vladimirdoguzov
ars-trushakova
Pochkun-Oleg
Кислинская1055
nataljatchetvertnova