Менің аулам, үйім, бөлмем туралы.
Біз қаламыздың орталығында төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз. Үйіміз тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан. Үйіміздің бөлмелері кең, жарық, сонымен қатар әрқайсысы бөлек – бөлек орналасқан. Қарындасым екеуміздің әрқайсымызда өз жатын бөлмелеріміз бар. Бөлмем жарық, әрі кең. Биыл ата – анам бөлмеме жөндеу жүргізіп, жаңа жиһаз сатып алып берді. Бөлмем сабақ оқуға да, шаршаған кезде тынығуға да өте ыңғайлы. Менің бөлмемде жататын төсек, киім ілетін шкаф, сабақ оқитын үстел мен орындық, компьютер, ойышық жинайтын шкаф пен кілем бар.
Жақында ата – анам үйге жөндеу жұмыстарын жасап, ас үй мен қонақ бөлмесін біріктірген болатын. Барлығымыздың ойымызша бұл өте ыңғайлы, әрі қонақ бөлмесі де кеңейіп қалды.
Үйіміздің ауласы да өте керемет – үлкен кісілер демалып, көлеңкеде отыратын ыңғайлы орындықтар, кішкене балалар ойнайтын ойын алаңы да бар. Бұл алаңда кешкісін көрші балалар бәріміз жиналып, түрлі ойындар ойнағанды ұнатамыз. Ауланы осы таза қалпында ұстап тұру үшін көктем келісімен көршілер бірігіп, есік алдында сенбілік өткіземіз, себебі ауламыздың тазалығы өзімізге жақсы.
Үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы, қаланың орталығы болғандықтан кез – келген бағытқа қоғамдық транспорт жүреді. Үйіміздің дәл жанында ірі сауда орталығы, аурухана, мектеп, кітапхана, түрлі банктер мен кішігірім дүкендер орналасқан. Мектеп жақын болғандықтан мектепке он минут ішінде жаяу барамын.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Өз ултын туралы мәліметтер
Менің елім – Қазақстан. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейінгі 9-орынды алады. Қазақстанның табиғаты әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Климаты-барынша континентальді. Қазақ жері ұлан-байтақ, таңқаларлық әдемі жер. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл - сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Елімізде мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және тағы басқа да байлықтар жеткілікті. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұр. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады. Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.
Қазақстан - дәнді дақылдар (негізінен астық), азық-түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі - мал шаруашылығы. Ол жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.
взяла вы просторах интернета QwQ думаю сойдёт)