lbeglarova6
?>

«мәңгілік ел» идеясы.Эссе жазу​

Казахский язык

Ответы

Васильев1028

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық

Объяснение:

Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін. Әрбір а кезінен

« Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі тиіс емес пе? «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді ,туған жеріміздің қадірін білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік.

Ұстаздарымыз айтқандай адамгершілікті, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.

Олай болса ең алдымен тілімізді, дінімізді, салт — дәстүрімізді білсек, тіл — қазақ болуымыз үшін, дін — адам болуымыз үшін, салт – дәстүр — ұлт болуымыз үшін қажет.

Елбасы Н.Назарбаев атамыз біз өмір сүріп отырған мекенге қаншама жақсы жағдайлар жасауда..Біздердің сауатты болып өсуімізге, сапалы білім алып елді өркендету, қызмет ету үшін бағыт беруде.

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ, бірлік, достықты мақтан етуге тұрарлық.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі болса Қазақстанды

– Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.Туымызды,Елтаңба,Әнұранымызды тұмардай қасиет тұтсақ деймін.Нұрсұлтан атамыздың рәміздер жайлы айтқан ойтолғамын оқығанымда қатты толқыдым. «Тудың түсін дәл табу оңай болған жоқ.Зеңгір көк түстің мағынасы өте терең.Мұнда біздің ашық аспанды, яғни бейбіт күнді айшықтайтын кіршіксіз көңіліміз бар, мұнда көкті тәңір тұтқан ата-бабаларымыздың арман-аңсары бар, мұнда біздің халқымыздың біртектілігін, мемлекетіміздің бөлінбейтінін білдіретін ұлы тұтастық идеясы бар.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

«мәңгілік ел» идеясы.Эссе жазу​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

jaksonj326
tokarevaiv
ambiente-deco516
Smirnovav1982422
shmanm26
Klyucharyova
Gavrilova2527
Irina_Nevretdinova1630
Маргарита794
Жукова_Петрович1281
klykovav672
klimenko05
d2002
Valerevna-Vardan
Plamia7917