Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма. мәтінен одағай сөз қатысқан сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Шіркін, табиғат көптеген тылсым құбылыстарға толы ғой...! Соның бірі - жаңбыр. Ата - бабаларымыз қашанда жаңбырды «нұр» деп есептеген. «Жаңбыр жаумаса, жер жетім», «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Жаңбыр жауса, жер ырысы» деген мақал – мәтелдер соған дәлел бола алады.Өз басым жаңбыр жауған күнді өте қатты ұнатамын, әсіресе жаздыгүні жайлауда жауған ақ жауынға ешнәрсе тең келмес. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Өзің де ыстықтан бір демалып, сергіп қаласың, ал жаңбырдан соң таза ауаның иісі не деген керемет! Шіркін, соны айтсаңшы! Дегенмен, «табиғатта жаман ауа райы болмайды» демекші, жаңбырдың да түр – түрі болады. Көктем мен күзде көбінесе аспанды бұлт торлап, айналаны түнек басып, жаңбырдың салқын тамшылары жерге тарсылдап түскен кезде көңіл – күйіңді де бұлт басқандай болады. Бұндай сәтте «Әттеген – ай!» деп жағымсыыз көңіл – күймен шарқ ұратын адамдар да аз емес. Бірақ, қандай болмасын, шелектеп жауған жауынның өз пайдасы бар, бұндай жауын жерге нәр беріп, жан – жануарлар мен құстарға да өз пайдасын тигізеді. Ал жаңбырдан соң болатын кемпірқосақ ол мүлдем ерекше дүние. Япырай, бейне бір сиқырға толы құбылыс қой. Күлімдеген күннің көзін көмкерген бұлттардан кейін шығатын бұл ерекше «сиқырлы құбылысты» бақылағанның өзі бір ғанибет деп білемін!
Сіз тамашалай аласыз:
Қазақстандағы бірегей мұхитарал 20 аквариумы бар 3 үлкен көрме аймағынан және акрил әйнегінен жасалған 70 метрлік тоннелден тұрады. Сіздің таңқаларлық теңіз мекендеушілері бар суасты әлемінің барлық сұлулығын көруге мүмкіндігіңіз бар. Сіз мұнда түрлі балықтар, тасбақалар, актинилер, теңіз жұлдыздары, т.б. өзге де ғажайыпты көресіз. Сонымен қатар, Сіз есіңізден кетпейтін «Акулаларды қоректендіру» және «Русалка» шоуларын тамашалай аласыз. Суасты әлеміне жақындау мүмкіндігі Сіз және Сіздің балаларыңыз үшін қайталанбас тәжірибе болады.
«Джунгли» аниматроникстер театрына экскурсия бұдан да қызықты болары сөзсіз. Гид-сапарсеріктің бастауымен Джунглидің жұмбақ үңгірлеріне саяхатқа аттанасыз. Мұнда Сіз робот – аниматроникстер қолтырауындар, динозаврлар, алып көлбақалар және горилламен кездесесіз. Жоғалып кеткен өркениет туралы мәлімет аласыз. Аспалы көпір үстімен жүріп өткенде, жоғалып кеткен Майя өркениетінің жұмбақ қаласы пайда болады, ежелгі амфитеатрда Сізге арналып театрлық көрініс қойылып жатқандай сезімде боласыз.
Сіздерге «Думан» Ойын-сауық орталығының 2-қабатында орналасқан цифрлы стереоскопиялық 5D кинотеатры қызмет көрсетеді. Кинотеатр 5D Сізге ұмытылмас әсерлер сыйлайды және тосынсыйға толы жаңа кино әлеміне елітіп әкетеді! Сіз мұнда тек КӨРІП, ЕСТІП қана қоймайсыз, Сіз экранда болып жатқандардың бәрін СЕЗІНЕСІЗ! Желдің соғуы, су тамшылары, айналулар – мұндай сезіну әлемін ұмыту мүмкін емес. 5D кинотеатры сеансына келушілер керемет қиял-ғажайып сезімдер әлеміне енеді. Стерео - экрандағы көріністер: кеңістіктегі зымырап ұшу немесе бас айналар автомобиль жарысы креслолардың қозғалуымен толықтырылады.
Біздің кішкентай келушілеріміз үшін «Балалар қалашығы» - балалар алаңы қызмет етеді. Бұл - өзіндік инфраструктурасы мен ойын элементтері бар нағыз ойын қаласы. «Балалар қалашығы» 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалардың ойнауына арналған ойын-сауық кешені болып табылады. Мұнда жас ерекшеліктеріне сәйкес бөлінген жеке топтарға арналған, ауданы 400 ш/м аймақта орналасқан бірнеше аттракциондар бар