Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
3-тапсырма Төмендегі сөйлемдердің «Ақиқат» не «Жалған» екенін ажыратыңыз (A/жҚалалардың құрылыс жүйесі 4 бөліктен жасалған.Қалалар санының өсуі сауданың жандануына үлкен әсерін тигізді. Сауда негізгі 2бағытта жүргенТүркілер металды кеңінен қолданысқа енгізді және сол арқылы өздерініңэкономикалық қуатын арттырды.VI-VIII ғасырларда Шу алқабында ірі қалалар мен көптеген шағын қоныстар болды.«Хұдуд әл-алам» деректерінде қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болғандығыайтылады.Тараз бұл кезеңде маңызды сауда орталығына айналды. Ол тарихи деректерде«көпестер қаласы» ретінде аталды
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.