Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
АННОТАЦИЯ Мақалада автор жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына жан-жақты түсініктеме бере отырып, оның адам бойында қалыптасуына талдау жасайды. Автор «құндылық» түсінігінің тарихына тоқталып, түрлі авторлардың көзқарастарынан мысалдар келтіреді. «Құндылық» түсінігінің педагогика саласындағы рөліне тоқталады және адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырады. Автордың мақсаты – күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің адам өміріндегі маңызды категория екендігіне оқырманның көзін жеткізу. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды. Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет. 2-мәтін ШЕТЕЛДЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ... Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып, «инемен құдық қазыпты». Ал мұның сыртында әртүрлі шетелдік гранттармен өзге елге қанат қаққан жастарымыз қанша? Санын дөп басып айту қиын. Олардың қаншасы елге оралып, жемісті еңбек етіп жүр? Сол жастарымыз өзге елден нендей тың жаңалық, нендей тың серпіліс әкеліп жатыр? Ең алдымен, «Жастарды шетелде оқыту кемерінен асып бара жатқан жоқ па?» деген сұраққа жауап тауып алған жөн. Алысқа бармай-ақ, іргедегі 1, 5 миллиард халқы бар Қытайға назар салайықшы. «Айдаһар елі» шетелге бала жіберуге айлалы көзбен қарайды. Жылына оқу мақсатында бірнеше мың адамды ғана шекара асырып, 2-6 айлық, әрі кетсе, бір жылдық білім беру курстарына аттандырады. Олардың денін мемлекеттік қызметкерлер құрайды. Бұл – бір. Екіншіден, 120 миллионнан астам халқы бар Жапония мемлекет тарапынан жылына 15-ақ азаматты шетелде оқытуға рұқсат береді екен. Ал Қазақстанда мемлекет тарапынан жыл сайын 3000 студентті 87 мамандық бойынша дүниежүзіндегі 32 елге аттандыруда. Бұл «шетелге бала оқытпау керек» деген ойды білдірмесе керек. Осы жағдайларды ескеріп, тек шетелде бала оқытудың санын емес, сапасын арттырып, кемерінен асып бара жатқан мәселенің тізгінін бір тартып қою керектігін аңғартады. Әрине, келешектің көкжиегін кеңіту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі, сол жақтан дәріс алып, елінің кемесін алға сүйреуі қажет-ақ. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, осы бағытта «Болашақ» бағдарламасы жастарды өзі таңдаған озық оқу орнына орналастыру, оны оқуын бітіргенше қадағалау, сосын елге қайтқан соң жұмыспен қамту сынды жұмыстарды дөңгелетіп жатқаны рас. Qazir үшін Атыраудан журналистік зерттеу жүргізген Гүлзада Ниетқалиева 1-мәтін 2-мәтін Тақырыбы Жанры, жанрлық ерекшеліктері неде? Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады? Мәтіндер қалай ресімделген?
Төрткүл дүние дидарына дарқан даланың кеңдігін көрсетіп, кемел келешекке көпір салған көрменің өткен жексенбіде нүктесі қойылды. Шын мәнінде таңғажайып көрме еліміздің экономикалық, саяси, сыртқы байланыстарын нығайтуға, индустрияландырудың жаңа сатысына қадам басуға мүмкіндік сыйлады. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядролық энергетика, оның ішінде атом станциясының құрылысы дамыды. Энергетика базалық салалардың бірі бола отырып, дамушы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саласында айтарлықтай із қалдырды. Жылдар бойғы жүйелі жұмыс пен тындырымды тірліктің нәтижесінде Сарыарқа төсінде шағын шаһар салынды. Ол қалашық алдағы уақытта Дүниежүзілік ұйымдардың қарауына берілмек. Себебі межелі уақыт таяп, мерейлі сәт те келіп жетті. Өз мәресіне жеткен көрме мемлекетіміздің мығымдығын, ұлтымыздың ұлылығын әлемге танытты.
Иә, әлемге аты мәшһүр алпауыт жобаны да абыроймен аяқтадық. Осыдан тура үш ай бұрын бүкіләлемдік қауымдастық басшылары мен ел президенттері алдында шымылдығы түрілген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылуы да сән-салтанатымен өтті. Жаһан жұртының жаңа инновациядағы соны идеялары тоғысқан, ғылыми-техникалық жетістіктері мен даму сатысы сараланған көрмеде тек мемлекеттердің техникалық әлеуеті ғана емес, төл мәдениеті мен тарихы, тұтас рухани болмыс-бітімі таразыланды. Нәтижесінде ел күткен үдеден де биік мүддеге қол жеткіздік.
«ЭКСПО» бізге не берді? Екі ғасыр бұрын әлқиссасы әлемге паш етілген алғашқы көрме Англияның астанасы Ұлыбританиядан бастау алды. Бертін келе АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Бельгия, Бразилия, Қытай сынды дамыған мемлекеттердің басқаруымен әр бес жыл сайын жүйелі түрде өткізіліп тұрды. Кезекті көрме өткізу құқығын осыдан бес жыл тұрын жеңіп алған Қазақстан «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап, баламалы энергия көздерін табу, жасыл энергетиканы жолға қою бастамасын көтерді. Біз таңдаған тақырыпты 161 мемлекет өкілдерінің арасынан 103 ел қолдап, жоғары басымдықпен көрме өткізу құқығын еншілеген едік. Ал сол жеңістің арқасында ТМД және Таяу Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет бізде өткізілді. Сонымен, Қазақстан айтулы шараны өткізген алпауыт 35 мемлекеттің тізіміне енді. Тіпті, аз уақытта а ң жетістіктерін әлемге паш ететін ең басты алаңға айналды. Небәрі үш айға созылған ауқымды шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өкілдері қатысып, таңдалған тақырып аясында жаңа технологиялары мен жетістіктерін айқындайтын 140 экпозициясын таныстырды. Оның 102-сі энергия үнемдеу технологияларын қолдану болса, 31-і жаңа инновациялық технологиялар мен өнертабыстарды қамтыды. Осы уақыт аралығында қатысушы мемлекеттер – ұлттық, халықаралық ұйымдар – мамандандырылған күндерін, шетел басшылары 105 ресми шара ұйымдастырды. Көрме аясында 8,5 мың ерікті іріктеліп алынып, 5,5 мыңы қалашық аумағында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Уақыт шеңбері тар болса да, шараға шартараптан 4 миллионға жуық қонақтар мен туристер келді. Олардың арасында беделді саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі ғалымдар, «Нобель» сыйлығының лауреаттары, инвесторлар мен бизнес қауымдастығының өкілдері де бар.
Объяснение: