Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
8-сынып. 1-ТОҚСАН. № 1 ТЖБ. Күні: 28.10.2020 1. Мәтін тақырыбын анықта Определи тему текстаXXI ғасырдың алғашқы он жылы ішінде дүние жүзіндегі Интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті. Ал ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны 750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір бұл көрсеткіш 6 миллиардқа тең.Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жылдың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың Интернетпен толықтай қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді, ал жылдамдық аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ, Интернет ең шалғай ауылдар мен елді-мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың қолына дәстүрлі телефоннан бұрын жетеді..Ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен денсаулығына зиян келтіруге алып келеді дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды.Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен.. Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді.2. Интернетке қосылған адам саны қаншаға дейін өсті.А) 5 миллиардқа В)2 миллиардқа С) 6 миллиардқа Д) 8 миллиардқа3. Желіге құмар жандар күнін қайда өткізеді ?А) үйде В) таза ауада С) дастарқан Д) компьютер 4.Сөздермен сөз тіркестерін сәйкестендір1 2 35.Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз. Интернет ең ауылдар мен елді-мекендерді қамтымақ6.Берілген сұраққа жауап беріңіз.Интернетті тиімді пайдалану дегенді қалай түсінесіз?7. Мәтіннен синоним сөзді тауып жазыңыз8. Мәтіннен антоним сөзді тауып жазыңыз9. Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифразаҒаламторға құмар адамдар күнінің көп уақытын компьютердің алдында өткізеді.10. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз.Интернетке қосылған адам саны қаншаға өсті?Жазылым. Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша 8-10 сөйлем жаз.Ұсынылатын тақырыптар:• Білім беру саласындағы ғаламтор туралы ойыңыз.• Қазақстандағы сауданың дамуы• Энергетикалық дағдарыс деген не?
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте дегендей ана тілімізді ешқашан ұмытпау керек.Халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».
Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Сондықтан ана тілімізді сыйлап құрметейік
Объяснение: