Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма.Сабақтас құрмалас сөйлемнің анықтамасын жазып, аудар. Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы болып, екінші сөйлемге байланысады. Баяндауышы бірінші сөйлем , ал баяндауышы соңғы сөйлем деп аталады.
Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің берген баталары ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап тұрғысындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Киелі сөзге айналған бата екі түрге бөлінеді: ақ бата, теріс бата. Ақ бата игі ниеттен туғандықтан ел аузында сақталып, жаңғырып дамып отырды да, жақсылыққа ғана құштар халқымыз теріс батаны ұмытуға тырысты. Сондықтан ақ батаның – нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы, жарапазан батасы ас қайыру батасы сияқты түрлері көп. Бата үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, сияқты көптеген зерттеушілер назар аударып, жинастырды.