Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Используя «ПОПС» формулу, 1. Менің ойымша 2. Себебі, мен оны түсіндіремін. 3. Оны мен деген фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін(қосымша ақпарат көзін пайдалануға болады 4. Осыған байланысты мен деген шешімге келдім. Используя формулу POPS, 1. Я думаю 2. Потому что я объясню это 3. Подтверждаю фактами, примерами (можно использовать дополнительный источник). 4. В связи с этим я решил
Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады. Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1—2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік ендіктерде 6—7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады