vasiliiparshin7668
?>

Сөз тіркесін жаз. Сөйлем құрастыр. Тұрмыстық көзі Электр сайын қуат техника жыл құрылғысы ​

Казахский язык

Ответы

Илья_Ветклиники1655

Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті  көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сөз тіркесін жаз. Сөйлем құрастыр. Тұрмыстық көзі Электр сайын қуат техника жыл құрылғысы ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ooomedray4
Doronin755
denisrogachv
tgeraskina
Vladimir1172
Artur-62838
platonm777639
Tipan77
anna-ditman
Dmitrievna405
medvik
VladimirovnaKashintsev1151
shajmasha
sharikplushelen
Nazart44446