kush-2640
?>

ПОСКЛОНЯЦТЕ СЛОВА ДАНЫШПАН И БАСПАНА​

Казахский язык

Ответы

denis302007

Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, көпшілік байланыста көрінеді. Әрбір ұлт өкілі басқа ұлт өкілінің жан тазалығын немесе жамандығын, басқа ұлт өкілдеріне көзқарасын басқалармен салыстыра отырып бағалайды. Басқа ұлт өкілдері бойындағы адамдық жағымды қасиеттерді өз бойына дарытуға, олардағы өмірлік тәжірибе мен шаруашылық жүргізудің озық үлгілерін меңгеруге ұмтылады. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы – әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас өмірдегі татулық, адал достық қатынас, өзара түсіністік пен сыйластық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік бір-бірінің ұлттық мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, мүдделеріне және талғамдарына құрмет, көңіл-күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық болып табылады. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністік пен келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Құқықтық мемлекет құруға негіз қалап этникалық ерекшелікке қарамай, тұрмыстың ортақ жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық, игілік пен ізгілік идеясы біріктірген адамдардың түсіністік қауымдастығын қалыптастыруға қызмет етеді. Яғни құқықтық қоғам орнатуға бет бұрған тәуелсіз мемлекеттің өз тұрғындарына азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, өзара құрмет пен сыйластық, татулық пен ынтымақтастық тілеп, осы бастан өсер ұрпақтың бойына ұлтаралық қатынас мәденниетінің ұрығын сіңдіруге ұмтылысы құптарлық іс. Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру – Қазақстанды мекендеушілердің санасында және іс қимылында жаңа тұрпатты ұлттық қатынастар дамуының жоғары деңгейінің көрінісін табу формасы болып келетін қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі. Саяси және моральдік принцип ретінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттар мен ұлыстардың даму, гүлдену процестерін білдіретін призма тәріздес әлеуметтік принцип, айна [1,7 б.]. Тәуелсіздік жағдайында жаңа мемлекетте қалыптастырғалы отырған ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттардың бірін-бірі сыйлау ісін бірінші кезекке қояды. Оған басты себеп тоқырау заманының жағымсыз құбылыстары қоғамдық ой-пікірлерді де шарпыды. Ұлттық қатынастар саласындағы адамдардың өр көкіректік, менмендік қылықтары бұл процесті одан әрі шатастыра түсті

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

ПОСКЛОНЯЦТЕ СЛОВА ДАНЫШПАН И БАСПАНА​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Люблянова_Р.1777
unalone5593
Ушакова1902
e9rebrova
galustyanvitaly4842
maglevanyycpt
eidevyatkina
Леонтьева
Lilykl
sergeystepanov231
kireevatatiana
Nadirovich1317
sv455umarketing74
alesia1986
Маринина_Елена
Казак тили 146 бет 1 барма​