Эдуардович873
?>

2. Қазақ тіліндегі негізгі сөздік қордағы сөздердің сөзжасаммен байланысы​

Казахский язык

Ответы

ariyskayaa5

Объяснение:

Бала күнімізде әдеби кітаптарды көп оқитын едік. Мектеп қабырғасында бізді әдебиетке баулыған ұстаздарымыз көбінесе «Егер мен миллионер болсам», «Егер мен бай болсам» деген тақырыптарда шығарма жаздыратын-ды. Сонда бала қиялымызға ерік беріп: «Мен өскенде көп ақша тауып, бай болып, үлкен кәсіпорын саламын» деп жазатынбыз. Қазіргі балалардың да арманы осыған ұқсас. Көпшілігі есейгенде жақсы мамандық алып, жалақысы көп жерде жұмыс істегісі келетіндерін айтады. Бір қарағанда осындай қиялы бар балаларға қызыға қарауға болады. «Қиял дегеніміз – адамның санасында пайда болатын жоспардың шеберханасы іспеттес» дейді Напалеон Хилл.

Біздің қоғам да нарыққа көшті. Соның арқасында билік халықты дәулетті, табысты болуға шақырып отыр. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, мемлекет қазір әрбір қазақстандыққа бизнесте өзінің бағын сынап көруге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Яғни, миллионер боламын деп алдына мақсат қойған адам, түбінде соған қол жеткізеді. «Біз еліміздегі әрбір адам өзінің бизнестегі бағын сынап көруге, қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толыққанды қатысушысы болуына қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір адам өзінің мәселесін мемлекет шешіп береді деп күтіп отырмауы тиіс»,- деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясында.

Елбасымыз атап айтқан экономикалық жаңарулардың бірі – жаңа жекешелендіру. «Жаңа» деп айдар таққанымыз – бұл 90-шы жылдардағы жекешелендіруден мүлдем бөлек. Себебі, Үкімет халықты бұл шараға алдын-ала дайындап алды. 2013 жылы толығымен жекешелендіру науқанын түсіндіру жұмыстарының жүргізілгені – осының айғағы. Ал, биылғы сәуір айында Министрлер кабинеті 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жария етті. Сол жоспарға сәйкес, екі жылда коммуналдық меншіктегі 780 кәсіпорын бәсекелестік ортаға беріледі. Ең бастысы, жекешелендірудің, ұйымдар мен мекемелерді қайта құрудың және таратудың нәтижесінде мемлекет меншігіндегі ұйымдар 28 пайызға, коммуналдық меншіктегі ұйымдар 38 пайызға, ұлттық холдингтердегі компаниялардың саны 36 пайызға дейін қысқарады. Осылайша, нарықтық механизмдерді нығайту үшін, мемлекет шаруашылық субъектілеріндегі өзінің үлесін қысқарта бермекші.

«Байлық мұрат емес» дейді қазақ. Алайда, Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін, қазақстандықтардың табысты, ауқатты болғаны жөн шығар. Егер елде кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың саны көбейіп, өзімізге қажетті өнімдер мен тауарларды өзіміз өндіріп жатсақ, ол – дамудың жолы. Осы тұрғыдан алғанда, елімізде бұқаралық кәсіпкерлікті қалыптастыру мемлекеттің ұлттық идеясының бір бөлшегіне айналып отырғанын түсіну қиын емес. Қазірдің өзінде қазақстандықтар табысты кәсіпкерлердің ұлтына айналып келеді. Енді міне, Үкімет қолға алып жатқан ақша мен мүлікті заңдастыру, жекешелендіру науқаны сияқты шаралар осыны дәлелдеуі тиіс. Әрбір дәулетті қазақстандық шетелден емес, өз елінен кәсіпорын сатып алып, оны өркендетуге бар қажыр-қайратын жұмсауы керек деп ойлаймын.

Сөзіміздің басында миллионер болу туралы айттық. Айтпақшы, еліміздегі жаңа бизнес саясат осыған зор мүмкіндік беріп отыр. Қалай? Мысалға, «халықтық IPO» бағдарламасы іске асырылғанға дейін кез-келген адам ұлттық компаниялар мен холдингтердің активтерін сатып ала алатын ба еді? Әрине, жоқ. 2012-2013 жылдары табысты жүргізілген осы шара биыл да қарқын алады. 2014 жылдың шілде айынан бастап еліміздегі ұлттық компаниялар мен холдингтердің активтері Қаржы министрлігінің бірыңғай электрондық сауда алаңында сатуға шығарылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлағандай, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның компаниялар тобынан бәсекелестік ортаға 106 актив, «Бәйтерек» холдингінен 15 актив, «ҚазАгродан» - 32, «Парасаттан» - 8, «Зердеден» - 2 актив сатылымға шығарылады. Бұл шара барынша ашық, жария түрде өтпекші.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

2. Қазақ тіліндегі негізгі сөздік қордағы сөздердің сөзжасаммен байланысы​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Kochinev7
maltes
yrgenson2011801
notka19746
valeron7hair7
dnikolay365
necit12
Liliya_Ivanova
verkop9
ЕленаАнастасия315
alazaref
galtig83
blagorodovaanna375
Анатольевич1707
prostopo4ta29