Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Аңыз патшайымы Сақ даласын жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін көпір салып жатқанын естиді. Тұмар Кирге «өз патшалығыңда билігіңді жүргізе бер, бізге тиіспе. Бәрібір соғыспай қоймаймын, көпір салып әуре болма». - деп арнайы хабар жібереді. Кир патша Тұмарды соғысуға шақырады. Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күндік жерге шегінеді. Олар кеткеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізеді. Массагеттердің шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел өлтіреді. Осы топтың басшысы, Тұмардың ұлы – Спаргапты тұтқындайды. Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді: «Қанқұмар Кир! Сен менің ұлымды ашық айқаста женген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап, тұтқын еттің. Сондықтан ұлымды өзіме қайтарып бер, әйтпесе Тәңірі атымен ант етемін, қаныңды ішемін» - дейді. Осы кезде тұтқынға түскен Тұмардың ұлы намысқа шыдай алмай, өзін – өзі өлтіреді. Бұл хабар Тұмарға жетеді. Синквейн әдісі 1.Тақырып бір сөзбен беріледі/зат есім/ Патшайым 2.Екі сөзбен сипаттау/сын есім/ 3.Тақырыпқа қатысты үш сөз/етістік/ 4.Төрт сөзден тұратын бір сөйлем. 5.Тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз. Сурет салу Мәтін мазмұны бойынша сурет сал.
Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншісі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:
– Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де, қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, – дейді. Құл болса, жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:
– Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса, жап-жақсы жігітсің, – депті. Сөйтсе, әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң:
– Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Мен сені тексеру үшін айтқан едім. Оны осылайша тексергенімде, ол сен туралы тек жақсы сөздер айтты. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті.
Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/48559/
Объяснение: