Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру. 1. Алтыннан жасалған , қару-жарағы, сақинасы.2. Алтын адам, бірінші, Алматы облысы, табылған, Есік қорғанында.3. Тапқан, «Алтын адам» ескерткішін, Кемел Ақышев.
Сүйінбай он жасында қалды жетім,
Жылаумен секпіл басқан екі бетін.
Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен
Алланың көрмеймісің құдіретін, –
деп, Сүйінбайдың бала кезі туралы нақты дерек келтіре отырып, жетім баланың ақындық өнердің шыңына шырқағандығына таңданады. Белгілі бір адамның бойындағы басқаларда жоқ ерекше қасиеттері, соның ішінде ақындық өнері туралы да, халық: «тұқымында бар», «өлең (ақындық) қонған» дейді. Мұның мәнісі: тегінде – аталары немесе нағашыларында бар ақындық түптің-түбінде ұл-қыздарының біріне көшеді дегенді білдіреді. Сүйінбайдың 13-14 жасында шығарған «Түс» деген өлеңінде осындай ойға бастайтын құбылыс жайында сөз болады. Шүйбек деген байдың қойын бағып жүргенде, бір күні түс көріп, ұйқысынан өлеңдетіп оянғанын ол қожайынына былайша баяндайды:
Атыңнан айналайын Қызыр бабам,
Түсімде таңға жуық келді маған.
Білмеймін «өлең» – деді,»көген» –деді,
Сайрауық құстар келіп төнді маған.
Менің тұр қолды-аяққа тұрғым келмей,
Қойды ғой қойыңа да қырғын келмей!
Аузымнан түйдек-түйдек шыққан сөзді
Не дейін сөз кестесі – өлең демей?!
Сен маған ұлықсат бер, Шүйбек байым,
Әйтеуір, тегін емес Сүйінбайың.
Жын соқты ма, білмеймін, таңертеңнен