Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
2-тапсырма. Б. Сүлейменовтің «Күннен келген адам» атты шығармасы мен Мағжан ақынның өлеңінде қандай ұқсас ойлар бар? Пікіралмасыңдар. Сөзді бастау, жалғастыру, аяқтауға қатысты сөз орамда-рын (сәлеметсіңдер ме, өте жақсы, менің ойымша, мен де құптаймын, ойың өте қызық екен, маған ұнады және т.б.) қолданыңдар. КАЗАХИ ! Я РУССКАЯ , НЕ ПОНИМАЮ КАЗАХСКИЙ
Өткен ХХ ғасырдағы қазақ халқының ақыл-ой жетістігі Абай мұрасымен өлшенеді. Ол қазақтың «өз тізгіні өз қолынан кетіп», басыбайлылықтың қамытын біржола киіп, «әрекемен кеткен елдің», рухани күйрей бастаған мүшкіл халін «улы сия, ащы тілмен» ашына жазды. Қоғамдағы бар тауқыметті «алыстан сермеп, жүректен тербеп, тағына жетіп қайырды». «Іші толған у мен өрт» бола тұрса да үмітсіздікке, торығуға салынған жоқ, қайта «сыншыл реализм» шеңберін бұзып шығып, өр рухты оптимист ақынға, телегей теңіз мол білімді, ғұлама-данышпанға айналды. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» әр қияға көз салды, туған даласының даналығын әлемдік өркениеттің озық ойымен ұштастыра меңгеріп, өз «жүрегінің түбіне терең бойлады» содан тапқан «шын асылын», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысымен» халқына бере білді. Тәңірінің берген тума талантын, адамзат даналығымен нәрлендіріп «толық адам», хакім Абай болып қалыптасты. Қазақтың таусылмайтын шер-қайғысына, бойына қан жүгірткен жан жылуына, ақиқатына жүгінетін иман таразысы мен ар-ұятына, үнемі алға ұмтылдырып отыратын арман-мұратына, парасат биігіне көтерілді. Заманынан озып туып, ел-жұртының шешуі тарқатылмайтын «жұмбақ адамына» айналды. «Қалың елі, қазағы» сол жұмбақты шешу жолында дана ақын мұрасымен бір жарым ғасыр сырласып, мұңдасып келеді. Ол – жыл өткен сайын жаңа қырынан ашылып, биіктей түсетін ұлы дала өркениетінің алтын тұғыры іспеттес. Cондықтан ақыннан қалған асыл сөз оқыған сайын нұрланып, өзіне деген халық құмарын арттыра түседі. Біз Абайға қаншалықты құштарлана ден қойсақ, ұлттық рухымызды да соншалықты терең тани бастаймыз. Бүгінгі рухани жаңғырудың алтын өзегі де осы абайтануда екеніне көз жеткізе түскендейміз. Абайға біз әр кезеңде әртүрлі жолмен жанасып отырдық. Ал бүгінгі ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығы мен дара тұлғаның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында оралудың жөні бөлек.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/218668-uly-dala-orkenietininh-altyn-tughyry
© egemen.kz
Объяснение: