polina25258
?>

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын, күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды.Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды.​

Казахский язык

Ответы

mgrunova3966

Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.

Атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Олар туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?

Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.

Хаттың авторлары:

жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),

Қазақ мемлекеттік ба меңгерушісі Мансұр Ғатаулин,

Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков,

Алматы Комвуз проректорының орынбасары Мұташ Дәулетқалиев,

Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.

Дегенмен, жазуша Ғабит Мүсірепов және Мұташ Дәулетқалиев жайлы бірер деректер болмаса, қалған кісілер туралы деректер тапшы. Мұташ Дәлетқалиев Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келген, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарған. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын, күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды.Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Berezovskaya
jakushkinn
ksvish2012
ver2bit
karpovaveronika196
vikapar2646
randat887040
Шаленко
de1979nis
yurogov61
Batishcheva
Вячеславовна_Сагитович
kristeisha871
yelenaSmiryagin
MDubovikov73