?>
ОТВЕТ КЛАСТЕР ПО ВОТЕТАМУ ТЕКСТУ 2. 82 бет, 4 тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.Мәтін бойынша кластер құрастыр. Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қара қалпақ елінің ≪Қоңырат деген жерінде дү ниге келген.Төлеген Айбергеновтің өлеңдері республикалық бас па сөзде 1957 жыл- дан бастап жа рия лан ды. Бірнеше өлең жинақтары басылды. Ақын Т. Айбергеновтің ли ри калық өлеңдеріне көп теген ком позитор лар ән жазды.Төле ген Айбергенов қайтыс болғаннан кейін (1974 ж.) оған ≪Қазақ стан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты» атағы берілді.Ақын шығармашылығында Отанға, туған елге, адамдарға деген сүйіс- пен шілік ерекше орын алады. Ақын әртүрлі тақырыптағы лирика лық шығар- маларында замандастарымыздың игілікті болмысын жырлады. Ол сәтсіз- діктерге бой алдырмады. Жаны нәзік ақын өз ойын, сырын поэзиямен бөлісті. Төлеген ақындығының кілті — лиризм. Ол әлемді өте терең сезімтал дық пен жырлады. Төлеген ақын адамдарды бауыр, дос, жолдас санады. Сон дықтан ол аса көпшіл болды. Оның куәсі — ≪Бір тойым бар≫ өлеңі. Ол барлық сәтсіздікті өзі ғана көтеріп, қуанышы мен игілігін айналасын да ғы адамдармен бөлісуді бақыт санады.
Ответы
Сөз мәдениеті (орыс. культура речи, ағылш. speech culture) — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
«Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру «Сөз мәдениетіне» жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану «Сөз мәдениетіне» нұқсан келтіреді. «Сөз мәдениеті» сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. «Сөз мәдениеті» теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі «Сөз мәдениетінің» дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.