Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Задание стр 82, 4-упражнение, вставить вместо многоточий жалпы есімдік (күлі, барлық, бәрі) Кітап 100 жыл бұрынғы балалардың нені қалағаны, нені армандарғаны туралы ақпарат бере алады. Кітап балаларды арманға жетелейді. Үлкендердің балаларына не тілейтінін де кітап арқылы біле аламыз. Кейде өткен өмір жайлы кітаптарды қызыға оқимыз. Бірақ ... автор өткен өмірдің ... Қорқынышы мен қуанышын толық біле бермеуі мүмкін. Ал көне кітаптың мазмұнында ... сақталады. Ескі құжаттардан таба алмаған нәрселер көркем шығармалардан табылады. Кітап – өз заманының соғылған ескерткіші жаңа уақытқа жалғанған із.
Телевидение туралы мәлімет
Телевидение сөзі екі сөзден құралған -“tele” - грек тілінен аударғанда "алыс", ал video — латын тілінен аударғанда "көремін" дегенді білдіреді; жаңа латын тілінде televisio — алыстан көру дегенді білдіреді. Телекөрініс – қозғалмалы бейнелерді радиоэлектронды құрылғылардыңкөмегімен тарататын техника саласы. Телебейне таратушы түтік және кинескоп электронды телекөрініс жүйесінде 20 ғасырдың 30-жылдарының ортасында пайдаланыла бастады. Қазіргі телекөрініс жүйесінің дамуы кескіннің айқындылығын жоғарылатумен, оралғыға тұрақтылығын (кабельді телекөрініс) және қашықтығын арттырумен (серіктік телекөрініс) байланысты. 20 ғасырдың соңында цифрлы телекөрініс пайда болды. Қазіргі кезде интернет көмегімен интерактивті телекөрініс (“Тапсырысты телекөрініс”) – телекөрермендердің сұранысын орындау (ҚP-теледидары, TVoҚP, VoD) іске асырылды. Радиохабармен қатар Телевидение – ақпарат таратудың неғұрлым кең қолданатын бұқаралық құралы және ғылыми, ұйымдық, техникалық, басқа да қолданбалы мақсаттарда (мысалы, өнеркәсіп пен көліктегі диспетчерлік бақылауда, ғарыштық және ядролық зерттеулерде, әскери істе, т.б.) пайдаланатын байланыстың негізгі құралдарының бірі болып табылады.