alekseydovganich6
?>

-тапсырма. Өлеңдегі ақынның ішкі сезімін білдіріп тұрған фразеоло- гизмдер мен ауыспалы мағынадағы сөздерді теріп жаз.​

Казахский язык

Ответы

tarrin-ka

Менің Отаным Қазақстан.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен Қазақ Республикасының азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған.  Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Біздің қазақ халқы кең пейіл әрі қонақжай екені баршаға мәлім.

Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, Ата заңымызда жазылғандай демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата заңымызды құрметтеу - әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін.

Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болу - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отан қорғау саласына бар күш - жігерімді арнағым келеді.

Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміздің аспаны ашық болсын!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

-тапсырма. Өлеңдегі ақынның ішкі сезімін білдіріп тұрған фразеоло- гизмдер мен ауыспалы мағынадағы сөздерді теріп жаз.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ignashkinamasha
farmprofi
Yelena642
Виктор-Богданов
Дружинин
ibzaira
smalltalkcoffee5
tigran87-87
mar77873
andrewshilin1334
Lidburg
cashuta
Fedorovich_Aleksandrovich685
emartynova25
Роман Александр66