Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Әдеби тіл нормалары 3.Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздер мен фразеологизмдерді синонимдерімен ауыстырып баяндаңдар. Ауыстырған сөздерді дәптерге жазыңдар.Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткенсаятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын «Үшар» деген тазысы, желменжарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтысболады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлген кісіні жерлегенненкейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіпкелгеннен кейін кемпір баласынан қалған көзтазыны іздесе, ол ұшты-күйлі жоқ болып шығады. «Ескі жұртта қалған шығар», — деп, бұрынғықоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ, Үшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұныкөрген анасы да:Жалғызымнан айырылдым, қанатымнан қайырылдым. Үшар, Үшар, ке, ко... деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мениесінен айырылған тазықос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттыңосы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі «Үшардың ұлуы» депаталады.
ответ:неге
Зілді бұйрық
Әдеби эссе
Жамбыл Жабаев - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы.Оның қаламынан небір жыр мен дастандар жазылды.Солардың бірі де бірегейі – «Зілді бұйрық» өлеңі.Аталмыш өлеңінде ақын патшаның 1916 жылы қазақтан соғыстың қара жұмысына адам алу туралы жарлығына батыл қарсылық білдірген.
Жамбыл Жабаев бұл өлеңді көнеден қалған тарихқа жүгініп жазбады.Ол сол кездегі осы бір азапты оқиғаны көзбен көрген жандардың бірі.Өлеңнің:
«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні күйін тартып,-деген жолдары соның дәлелі.Ақын өлеңге еш фантастика қоспай,сол бір бейнет заманның,кара халықтың жай-күйін,мұң мен зарын осылайша әсерлі жеткізуінің өзі бір шеберлік десек,қателеспейміз.
Халықтың өміріндегі қуанышқа да,күйінішке де ортақ бола білген ақын әрдайым көптін қамын алдыңғы кезекке қойып сөйлегендігін шығарманы оқып отырып-ақ түсінеміз.Ханның емес,халықтың сөзін жырлаған өлеңінде сол дәуірдегі оқиға мен ақынның айтайын деген ойы үндестік тапқандығы таң - тамаша етеді.Зұлымдықтың Верныйден қазақ еліне аяқ басуы,тіс қайрауы,халықтың жұмылып қарсы шығуы,кінәсіз жандардың нақақ қамалуы,атылуы бейне бір шешілмес түйін,шыңырау іспетті.Шым-шытырықты Жамбыл Жабаев:
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында,-деп,аңсаған егемендік жәймен келе салмайтынын,оған деген жолда ел азаматтарының құрбан болатындығын күйіне айтады.
Қорытындылай келе айтарым,Жамбыл Жабаевтың "Зілді бұйрық" өлеңі біздің ата бабамыздың өмірінен өнеге мен өсиет береді.Әлбетте,қазір еліміз аман,жұртымыз тыныш.Сол үшін де тарих сахнасында осы бір ел тыныштығы үшін қыршыннан кеткен тұлғаларға алғысымыз шексіз және біз олармен,осындай ел жанашыры Жамбыл Жабаевпен мақтанамыз.