?>
КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК Жақсыз сөйлемді табыңыз.A) Ескерткендеріңіз дұрыс болды.B) Болашақ жастардікі.C) Етіс - етістіктің бір түрі.D) ’’Ештеңе’’ - есімдік.E) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды.10.Еліктеуіштен жасалған зат есімді табыңыз.А)Жасыл В)МасылС)ТүйілD)ГүрілЕ)Сейіл11.Антонимді сөз тіркестерін анықтаңыз.А) Асқар тау, телегей теңіз. В) Ала жаздай, қыс бойы. С) Денсаулығы жоқ, ақшаға бай.D) Тал түсте, күз бойы. Е)Кең дала, айдын көл.12.Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңз.А) ҚыстырмаВ)ОдағайС)Бірыңғай мүшеD)Оңашаланған айқындауышЕ)Қаратпа13.Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.А) Көрмес түйені де – көрмес.В)Көрмес – түйені де – көрмес.С) Көрмес түйені де көрмес.Д) Көрмес түйені – де көрмесЕ) Көрмес – түйені де көрмес.14.Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз.А) Көркем шығармаВ) Өтініш, сенімхат, қолхатС)Қоғамдық – саяси әдебиетД)Ғылыми шығармаларЕ)Газет – журнал тілі15.Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз.А) Жирем қасқаВ) Жирең қасқа.С)Жирем ғасқаD)Жирең ғасқаЕ)Жирен қасқа16.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз.А) Тәуелдік жағының І жағы.В)Жатыс септігінің жалғауы.С)Көмектес септік жалғауы.D)Барыс сеептік жалғауы.Е)Жіктік жалғауы.17.Шылау сөзді тіркесті көрсетіңіз.А) Тастан сарай салғызды.В) Қара теңіз бұрқ – бұрқ етіп қайнап жатқандай.С) Судьялар ешкімге тәуелді емес.D) Бұл жігітті қызметке алу керек.Е) Шығысқа дейін жүретін жол ұзақ.18.Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.А) Мен кітап алғалы әдейі келдім.В) Біз өтетін өзеннің ағысы қатты, алайда терең емес.С) Сен баласы ма едің соның?D) Жақсымен жолдас бол, жақсы жүр.Е) Жәкем қуанғаннан жылап жіберді.19. Амал не, бәсе, өкінішке орай – сөздері қай қатарға тән екенін табыңыз.А) ҚыстырмаВ) ОдағайС) Жалғаулық шылауD) ҚаратпаЕ) Шылау20.Қос сөзге байланысты тыныс белгісі қойылмаған жерді көрсетіңіз.А) Ертеңгі ісВ) Күн ілгеріС) Он бесД) ЖезқазғанЕ) Өзді өзі
Ответы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.