Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды сәйкестендір. Жануарлар мен өсімдіктерЖануарлар дүниесі әр алуан болып келеді. Бізге белгілі жануарлардың түрлері жылдан жылға көбеюде. Жалпы жануарлардың 2 млн. түрі зерттелінді.Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор. Олардан әртүрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) және өнеркәсіп шикізаттарын (жүн, тері, былғары, талшық) алады.Ал өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі – барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әртүрлі шаң-тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де ауаны қажет етеді.Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор.Олардан әртүрлі тамақ өнімдерін және өнеркәсіп шикізаттарын алады.Ал өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды.Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі – барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы.Өсімдіктер ауаны әртүрлі шаң-тозаңдардан тазалайды.Негізгі ақпаратҚосымша ақпаратАртқаТексеру
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.