Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма Төмендегі тапсырманы орындаңыз. ХХІ ғасырды электр құрылғыларынсыз елестете алмаймыз. Сондықтан тұрғындардың өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі-электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселеге айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман кесіліп жатыр. Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялар көрсетілді. 1.Тақырып бойынша диалогты жалғастып, аяқтаңдар, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңдар. - Сәлеметсіз бе? - Қалың қалай, балам? - Жақсымын, аға. Не істеп жатырсыз? - Электр шамын ауыстырып жатырмын. - Аға, электр энергиясын өндіру үшін не қажет? 2. Сөйлемдердегі есімдіктерді мағынасына қарай кестені толтырып жаз: Осы даланың асты толған көмір, ... жүз жылға жетеді. Ол ... айтқысы келген қозғалысын жасыра алмаса да, аузы батып айта алмады. Тыңға барам десең, сені ... тоқтатпайды. Мына мен ... ауданға әйгілі адаммын. ... осы жолы сыншы болып қайтыпсың. Қажетті сөздер: өзің, бірнеше, әлденені, бүкіл, ешкім. хелп мии СОР по казз язз хелп
Қазақ халқы сиыр малының қылығын бақылап, сол арқылы ауа райының жағдайын алдын ала болжап айтатын болған. Таңертең ерте сиыр малын бақылағанда, олар желге қырыс қарап, бейғам күйсеп жатса, сол күні күн жылы, желсіз, жауынсыз, қарсыз болады. Егер күн бұзылатын болса, сиыр малы алдын ала біліп, уақыты болсада өрістен ауылға ерте қайтады. Сиыр малы өріске шығарда тынышсызданып жан – жағына қарап, басын шайқап мөңіресе, мазасызданса, қарлы борасын соғып, қар жауып, күн суытады. Жазда сауын сиырлары бұзауларына қарай мөңіресе, жауын жауардың ишарасы болмақ. Жауын жауып жатқанда бұқа мөңіреп, өкіре жүрсе, аспан ашылудың айғағы. Сиырлар жайылып жүргенде жүндері үрпейсе, ауа райы бұзылудың белгісі. Сиыр желге қарап жайылса, күн суытудың белгісі. Ал қыста, көктемде қай жаққа қарап жайылса да күн жылы жайлы болатынның белгісі болмақ. Сиыр кенеттен суалса, онда кешікпей ылғал жауын болады.