Dampil
?>

По данной таблице из текста выписать место имения 4, 6 даю​

Казахский язык

Ответы

zbellatriks

Жоңғар шапқыншылығы - азаттық үшін жан берісіп, жан алысқан әрбір қазақ баласының қанымен жазылған тарих. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыз­дар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі - Сартай. Әкесі мен анасын жоңғар әскері көз алдында аяусыз өлтіріп, бауыр­ларымен жетім қалған Сартай кек алсам деген мақсатпен ержетеді. «Жаужүрек мың бала» фильмі Сартай сынды жүздеген боздақтың тағдырынан сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, намысын шыңдай түсуге түрткі боларлық­тай.

Картинада XVIII ғасырда қазақ дала­сын­да билік құрған хандық, атақты билер, Әбілқайыр, Бөгенбай сынды хандар мен батырлардың бейнесі де тыс қалмаған. Ел басына күн туған заманда елдің тағдырын шешуге жиналған билер, хандар, батырлардың сөздері бір жерден шыға бермейді. Сол уақытта жоңғардың кесірінен жетім қалған Сартай, Таймас, Құралай сынды боздақ қыз-жігіттердің буындары қатып, жауға деген өшпенділіктері артып, кек алудың қамымен жүрген еді. Олар кезінде ата-анасыз қалғанда өздеріне пана болған ақсақалдан тәлім алып, тау-тасты паналап, соғыстың тәсілдерін үйреніп, шы­нығумен болды, сәті түскенде әр жерде қос­тарын құрып, алаңсыз жатқан жоңғарларға тұтқиылдап тап беріп, өздерінше соғысып жүрді, өздері сынды жетім қалған жасөспі­рім балаларды жасақтарына қосып алып, күннен-күнге көбейе берді. «Сартай деген батыр жасақ жинап жатыр» дегенді естіген жастар өз еріктерімен келіп жасаққа қосы­лып жатты. Осы кезде Сартайдың кішкен­тайынан бірге өскен Таймас досы қызғаныш­тан жарыла жаздап, атақ пен даңқтың тек Сартайға бағышталғанына күйініп, тіпті досын өлтіру­ге әрекет жасайды. Алайда Сартай аман қалып, кейін Таймас «Аңыра­қай» шайқасында Сартай үшін жан беріп, өздерінің «жаудан кек аламыз» деп бір-біріне берген сертін орындайды.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

По данной таблице из текста выписать место имения 4, 6 даю​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*