Валерьевич Николаевич1364
?>
ТАПСЫРМА№1. Мәтін мазмұнын түсініп оқыңыз, мәтіннің әрбір сөйлемін зерттеп оқыңыз, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін ақпараттарды іріктеп оқыңыз. Төмендегі тапсырманы орындаңыз. Тірі гүл керемет бір сұлулықтың белгісі. Анда-санда гүл жинап не болмаса гүл шоқтарын сатып алып көршіме, таныстарыма, туысқаныма апарып оларды қуантқанды жақсы көремін. Бір күні таң атысымен бақ жаққа шығып әдемі гүлдерді теріп алдым. Гүлдердің сұлулығына қанша қарасам да еш тоймайтын сияқты болдым. Бір кезде ішімнен – “осы әдемі гүлдерді бір досыма неге бермеске?” деп ойладым. Дереу бір қағазға “Досыма!” деп бір-ақ сөз жазып, қағазды әдемілеп гүлдің арасына қыстырдым. Жолдан өтіп, гүл шоғын ең жақын досым болған көршімнің есігі алдына қойып кеттім. Кешкісін досым телефон соғып гүлдерді көріп қатты қуанғанын айтты. Кеше балаларымен бір нәрсеге келісе алмай ұрысқан екен, сонда ержеткен ұлы анасына ренжіп “Сенің еш досың жоқ!” деген екен. Осындай ауыр сөзді естіген досым бір түрлі жаман болып қалған көрінеді. Ертеңіне есікті ашып қараса, бір шоқ гүл тұр. Гүлдердің арасында “Досыма!” деген бір-ақ сөзді хат. мынау кандай туры
Ответы
Қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерді бастаған көсемдер, хандар, батырлар, туралы ақындардың әуезе жыр-дастандары әдебиет тарихында маңызды. Ақындық поэзиядағы көрнекті ақындарымыздың бірі Доскей Әлімбайұлының «Кенесары, Наурызбай» атты әуезелік жыр-дастаны да тарихилығымен ерекшеленеді.
Дастанның тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту, идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу.
Дастанның композициясы мынадай бөліктерден құралған: біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені; екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы; үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы; төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi; бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны; алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді.
Қорытындылай келе айтарым, "Кенесары-Наурызбай"- тарихи-реалистік жыр. Аталмыш туынды арқылы сан қатпарлы тарихымыздың бір тарауын біле аламыз, батырларымыздың ерлігіне, халықтың жағдайына куә боламыз.