Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді жазыңыз.Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібеек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді. Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай
Жеңіс.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде Бекзат Саттарханов пен Серік Сапиев сынды боксшыларымыздың есімдері Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі олар Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары.
Бекзат Саттарханов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Осы ағаларымыз Олимпиада ойындарында қарсыластарын жеңіп, көк туымызды желбіретіп, Казақстан атын әлемге әйгілі еткен спортшылармыздың қатарында.