Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Статистика бойынша, үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру отбасы бюджетін үнемдейді. Бұл энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан, шамдарды ауыстырғандағы үнемді бағалайды. Ол үшін, мәселен, қыздыру шамы күніне 3 сағаттан 100 Вт қуаттылықпен немесе айына 90 сағат жұмыс жасайды деп алайық. Бұл жағдайда қыздыру шамы ай сайын 9 кВт электр энергиясын тұтынады. Егер қыздыру шамының орнына 20 ваттық энергия үнемдейтін шамды қолданса, электр энергиясының тұтыну айына 1, 8 кВт құрайды. Сонымен бір қыздыру шамын энергия үнемдейтін шамға ауыстырудан болған үнем айына 7, 2 кВт құрайды. Егер бір ай көлемінде бір шамды ауыстырумен болған үнем азғантай сияқты болғанмен, ал 10 шамды ауыстыру кезіндегі бір жылғы үнем 864 кВт* құрайды. Энергия үнемдейтін шамдардың электр энергиясын үнемді тұтынудан басқа да ұзақ мерзім қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Яғни, энергия үнемдейтін шамдарды Сіз 5-10 жыл, ал қыздыру шамдарын 1 жыл ғана қолдана аласыз. 1. Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз. Негізгі ақпараттар 1. 2. 2. Мәтіннен жанама ақпараттарды анықтаңыз. Жанама ақпараттар 1. 2.