Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын. Бірақ… бірақ… Ешкімді де билетпей қайтармаймын. Онда ортаға тасталар ұран сондай: Қайта алмайды қартың да бір ән салмай, Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, .. Мен өзім де ән салам түн ауғанша, Менің жаным бұл күнге құмар қанша! Бәйге берем жығылған палуанға да, Адалдығы сезіліп тұрар болса. Қыз қуатын жігітке ат беремін, Жанам деген жүрекке от беремін. Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді Бір тамаша той қылып өткеремін. Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым, Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын. Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып, Қазанымда бір асым ет қалмауын... 1.Өлеңде қандай ұлттық атаулар кедеседі.Теріп жаз. 2.Өлеңнен автордың көңіл күйіне қатысты 3 тірек сөзді анықтаңыз. 1 2 3 2-тапсырма «Адал дос немесе амал дос» деген тақырыпта шағын әңгіме жазыңыз. (40-60сөз) Мазмұнында төмендегі етістіктерді шартты рай тұлғасында қолданыңыз. Етістіктер: іс түсу, жақсылық жасау, қиналу, кемшілігін айту, ақыл сұрау, қиындыққа тап болу, қол ұшын беру, көмектесу, жаныңнан табылу, қуану, жылау
Есімді сөз тіркестері[1] — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).
Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.
Объяснение:
во правильный отве ☝️☝️☝️☝️